Қызылордада 32 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасына қосылды

26 Сәуір 2021, 22:50
1656
Бөлісу:
Қызылордада 32 кәсіпкерлік субъектісі «Ashyq» жобасына қосылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында кәсіпкерлерге арналған «Ashyq» жобасы іске қосылды. Қазірдің өзінде 23 кәсіпкерлік субьектісі бағдарламаны орнатқан. Бұл туралы облыстық кәсіпкерлік палатасы директорының орынбасары Пірмұхаммед Сыздықов Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен онлайн брифингте мәлімдеді.

«Ashyq» жобасы алғаш болып еліміздің ірі қалаларында қаңтар айынан бастап пилоттық жоба негізде енгізді. Тесттік жүйеден сәтті өткен жоба жуырда біздің өңірде де қолданысқа ене бастады. Бағдарламаның басты мақсаты кәсіпкерлерге оңтайлы жағдай жасау. Сондай-ақ, кәсіпкерлік нысандарында аурудың таралу ошағын болдырмау және келушілерге қолайлы орта қалыптастыру. Аймақта қосымшаны пайдалануға компютерлік клубтар, бассейндер, кинотеатрлар өтініш беріп, карантиндік талаптарды сақтай отырып жұмыс жасауда, - деді Пірмұхаммед Айтбайұлы.
«Ashyq» - қоғамдық орындарға келушілерді тіркеу қосымшасы. Келушілер QR кодты сканерлеп, әкімшіге көрсетеді. Код тұрғынның статусын анықтайды. Келушілерге статус ПТР зерттеулерінің бірыңғай интеграциялық порталы және Денсаулық министрлігі жанындағы covid-19 бақылау орталығының ақпараттық жүйелерін салыстыру негізінде тағайындалады. Тиісінше 4 түс негізінде бағдарлама арнайы шешім қабылдайды. 

«Қызыл» түс - үйде оқшаулану режимін білдірсе, «Сары» түсте тек дәріхана мен дүкенге рұқсат етіледі. Ал «Көк» пен «Жасыл» түстегі статус иелеріне қоғамдық орындарда емін-еркін жүріп тұруына болады.

Кәсіпкерлер «Ashyq» жобасына қатысу үшін InfoKazahstan.kz сайтына өтініш бере алады немес кәсіпкерлер палатасына жүгінуіне болады. Тиісінше жоба мақұлданған сәттен бастап, 1 апта сынақ режимінде жұмыс істеп көруге мүмкіндік бар. Ал тұрғындар қосымшаны интернет желісінен жүктеп алуларына болады.

 


Өзгелердің жаңалығы