​​Экология министрлігінің қызметкерлері ағаш отырғызды

26 Сәуір 2021, 10:35
1399
Бөлісу:
​​Экология министрлігінің қызметкерлері ағаш отырғызды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығына, сондай-ақ Ұлттық ағаш отырғызу күні шеңберінде Қызылжар орманшылығы аумағында символдық мөлшерде 30 ағаш отырғызды.

Іс-шара «Таза табиғат» жобасы аясында жүргізілді. Бұл ағартушылық және тәрбиелік акция, оның мақсаты – қоршаған ортаның жай-күйі үшін әркімнің жауапкершілігін сезінуге негізделген экологиялық мәдениетті қалыптастыру.

Естеріңізге сала кетейік, 5 ақпанда Мемлекет басшысы Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге дайындық жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысында «Таза табиғат» жобасын іске асыруды ұсынған болатын.


Өзгелердің жаңалығы