«ELARNA» телеарнасына жаңа директор келді

26 Сәуір 2021, 18:41
2146
Бөлісу:
«ELARNA» телеарнасына жаңа директор келді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Камила Камназарова «ELARNA» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалды.

«Хабар» Агенттігі Камила Камназарованың «Ел арна» телеарнасының директоры қызметіне тағайындалғаны туралы хабарлайды.

Камила Камназарова 2004 жылы «Хабар» Агенттігі» АҚ-да өзінің еңбек жолын «Caspionet»  арнасының редакторы ретінде бастады. Редактор ретінде ол телевизиялық журналдар шығарумен айналысты. Арна редакторының жұмысымен қатар, Қамназарова «7 күн», «Аймақтар және күш/Регионы и власть» бағдарламаларында тілші және «Тағдыр желісі/Линия судьбы» бағдарламасының сценарий авторы болып жұмыс істеді. 

2010 жылы ол «Caspionet» арнасының продюсері қызметіне тағайындалды. Продюсер ретінде теледидар бағдарламаларын жасаумен айналысты. Сонымен қатар «Persona Grata», «Travel Guide», «Faces of History» және тағы да басқа авторлық жобаларын жасады. Сондай-ақ, 2010 жылы ол Астанада өткен ОБСЕ (ЕҚЫҰ) саммиты кезінде «Summit TV»-да «Caspionet» арнасын қайта форматтауға белсенді қатысты.

2012 жылы арна үшін Астанаға көшу және ребрендингпен байланысты маңызды кезеңде Камила Камназарова жаңа медиа орталықта арна жұмысын бейімдеуге қатысты. 

2014 жылы «Kazakh TV» телеарнасының бас редакторы болып тағайындалды. Бұл қызметте ол теледидарлық контентті аутсорсингтерге ауыстыру процестерімен айналысты. Отандық телеарналардың ішінде «Kazakh TV» телеарнасы алғашқылардың бірі болып өзінің жеке контентін осындай модельде өндіруге толығымен көшті.

2017 жылдың сәуір айында Камила Камназарова «Ел арна» арнасының бас редакторы қызметіне ауысып, жаңа арнаның ашылуына белсене ат салысты және қазіргі уақытқа дейін арнаның мазмұны мен редакциялық саясатын қалыптастыру мен жүзеге асырумен айналысты.

Өзгелердің жаңалығы