Цой Біртановты жұмысқа қабылдай ма?

26 Сәуір 2021, 09:44
1750
Бөлісу:
Цой Біртановты жұмысқа қабылдай ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сауал Денсаулық сақтау министрі Алексей Цойға бүгін отандық «QazVac» вакцинасын алу процесі кезінде қойылды.

Осыдан бірнеше күн бұрын экс-денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үй қамақтағы мерзімі ұзартылғаны хабарланған еді. Дегенмен, оған далаға шығуға рұқсат берілді.

«Елжан Біртановқа қатысты сот оған үйден шығып, жұмыс істеуге рұқсат берді. Сіз оны денсаулық сақтау министрлігіне немесе жедел жәрдемге қабылдайсыз ба?»  деп сұрады журналист Цойдан тікелей эфирде.

Қазіргі уақытта біз де осындай ақпарат алдық. Біздің білуімізше, ол қазір коммерциялық құрылымда жұмыс істейді, - деп жауап берді министр.

Айта кетейік, бұған дейін министр Цойдың алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырғанын мәлімдеген едік.

Өзгелердің жаңалығы