Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды

26 Сәуір 2021, 08:49
2502
Бөлісу:
Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдырды.

Бүгін елімізде отандық «QazVac» вакцинасын салдыру ресми түрде басталды. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой алғашқылардың бірі болып «QazVac» вакцинасын салдыру үшін қалалық №9 емханаға барды. Министрдің вакцина салдыру процесі тікелей эфирде көрсетілді.

Екпе алу механизмі бұрынғыдай, яғни, вакцина салдырмас бұрын пациент толық танысып, дәрігердің қарауынан өтеді.

Министр вакцинаның алғашқы партиясы Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институтында әзірленетінін айтты.

Біздің бұл институттың вакцинаны шектеулі сериямен (50 000 доза) шығаруға мүмкіндігі бар. Қазіргі таңда бұл дозалар елдің әрбір өңіріне жөнелтілді. Болашақта вакцина шығару көлемін арттыру мақсатында түрлі алаңдарды қарастырып жатырмыз. Бұл біздің түрік серіктестеріміздің алаңы, - деді ол.

Ол, Қарағанды фармацевтикалық кешенінің вакцинация процесі кезінде рөліне де тоқталды.

Қазақстан өз еркімен вакцина өндіру процесін толық іске қосқан әлемнің үздік бес елінің қатарына енген. Бұл өте маңызды факт, жетістік. Қарағанды фармацевтикалық кешені вакцинаның негізгі партиясын өндіріп отыр. Осылайша, ел нарығын толық қамтып, азаматтардың халықаралық стандарттармен дайындалған вакцинаны алу мүмкіндігін қамтамасыз етуде, - деді Цой.

Айта кету керек, №9 қалалық емханаға 300 отандық вакцина жеткізілген. Бұл препарат елдің әр өңіріне де жөнелтілді.


Өзгелердің жаңалығы