Елордадағы Бөкейхан көшесі бірнеше айға жабылады

26 Сәуір 2021, 15:35
1426
Бөлісу:
Елордадағы Бөкейхан көшесі бірнеше айға жабылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Әлихан Бөкейхан көшесі бойындағы 23-көшеден Бұқар жырау көшесіне дейінгі учаскедегі қозғалыс осы жылдың 29 сәуірі мен 1 тамызы аралығында автокөлік қозғалысы үшін толығымен жабылады.

Аталған учаскеде жөндеу жұмыстары басталады. Жоба аясында инженерлік желілер абаттандырылып, жол төсемі асфальтталады, сол сияқты іргелес аумағы абаттандырылады.

Жақын маңдағы учаскелердің тұрғындары тұрғылықты жеріне жетуі үшін балама маршруттар қарастырылған. Қала жолдарында кептеліс тудырмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет. Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз және жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне түсіністікпен қарауды сұраймыз, — делінген ведомствоның хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы