Ұландықтар биыл 3 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстаған – Имиров

26 Сәуір 2021, 12:39
1797
Бөлісу:
Ұландықтар биыл 3 мыңнан астам құқық бұзушыны ұстаған – Имиров

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ұлттық ұланы әскери кеңесінің хатшысы Савердин Имиров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да Ұлттық ұландағы қызметтің ерекшеліктері туралы өткен брифингте айтты.

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын Ұлттық ұлан жауынгерлері зор ықыласпен қарсы алып жатыр. Халқымыздың егемендік жылдарындағы басты байлығы – бейбітшілік пен келісім. Бұл құндылықтар мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау үшін ел қорғаны Ұлттық ұлан тағайындалған, - деді Имиров.

Ол атағандай, жауынгерлер қала көшелерінде қоғамдық тәртіп пен аса маңызды мемлекеттік нысандар, түзеу мекемелерін күзетіп жатыр.

Күн сайын 6 мыңнан астам әскери қызметші қоғамдық тәртіпті сақтау үшін полициямен бірге жауынгерлікке шығады. Әскерімізде қызмет етуге арналған барлық жағдай жасалған. Әскерлер лайықты жалақы, түрлі әлеуметтік көмек, баспанамен қамтамасыз етіледі, - деді ол.

Савердин Имиров айтқандай, жеке құрам елдің 19 қаласында қызмет атқарады.

Былтыр көшедегі қылмыс 52,2 пайызға төмендеді. Осы жылғы бірінші тоқсанда әскери жасақ 3761 адам ұсталған. Оның ішінде 276 адам қылмыс жасаған. Мемлекет есебіне 2 млн теңге айыппұл салынд, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы