Все новости за 17 ақпан 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Жетісайлық диқандар 120 тонна қырыққабатты жинап үлгерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай ауданында жалпы ауылшаруашылығы мақсатындағы жер көлемі – 78 500 гектар. Оның былтыр 1 170 гектарына қырыққабат егіліп, одан 36 мың тонна өнім жиналған. Биыл жыл басынан бері ауданда 900 гектарға қырыққабат көшеттері отырғызылған.
-
Токио Олимпиадасының медалі қандай болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарын ұйымдастырушылар жеңімпаз спортшылар мойнына тағылатын медаллдардың үлгісін көпшілік назарына ұсынды.
-
БАӘ мен Түркияға ұшатын рейстер көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 15 ақпандағы ведомствоаралық комиссияның шешіміне сәйкес республика аумағында коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуына жол бермеу бойынша Қазақстан «SCAT» авиакомпаниясының аптасына 8 рейс орындауға рұқсат етіледі.
-
Маңғыстауда «Әжеден ғибрат» клубы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтау қаласында ұлттық құндылықтарды ұлықтау мақсатында «Әжеден ғибрат» клубы құрылды.
-
Елордада «Nur-Sultan Open 2021» қала чемпионаты аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екі күнге созылған чемпионатқа Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстарынан, сондай-ақ Қарағанды, Нұр-Сұлтан қаласынан 175 спортшы қатысты.
-
Түркістанда өзге елдің 27 азаматы ел аумағынан шығарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері «Мигрант» іс-шарасының екі тәулігінде 250-ге жуық құқық бұзушылықты анықтады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Алматыда теміржол вокзалы сейфінен 1 млн теңге ұрланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көліктегі полиция қызметкерлері «Жолаушылар тасымалы» АҚ филиалы сейфінен 1 миллион теңгеге жуық ақшаны ұрлаған ер адамды ұстады, деп хабарлайды zakon.kz.
-
Зейнетақы жинағын ем-домға пайдалану ережесі қоғам талқысына ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда біржолғы зейнетақы төлемін ем-домға пайдалану ережесі қоғам талқылауына ұсынылды. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеді.
-
Қанат Исламның қарсыласы анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық боксшы Қанат Ислам (27-0-1, 21 KO) Гана спортшысы Ободая Саимен (лақап аты «Чудо») айқасатындығы туралы жариялады.
-
Бейбітшілікті сақтауда бітімгер әйелдердің еңбегі ерекше
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің бітімгершілік даярлық орталығында Канаданың әскери атташесімен кездесу өтті, онда БҰҰ-ның бітімгершілік миссияларына қатысатын әскери қызметші әйелдердің рөліне қатысты мәселелер талқыланды.
-
Нұртөре Жүсіп: Қазақтың жас ұрпағы Ұлттың ұлы қасіретін сезіне ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Белгілі журналист, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаты Нұртөре Жүсіп ашаршылық тақырыбын түбегейлі зерттеу қажет екенін айтты.
-
Елбасы: Ол шебер жүргізуші, сұңғыла сұхбатшы еді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұрсұлтан Назарбаев белгілі тележурналист, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Нұртілеу Иманғалиұлының қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл туралы Елбасының ресми смайты хабарлады.
-
Болжам. Биыл ақылы жолдардан 6 млрд-қа жуық теңге түседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылы еліміздегі ақылы жолдардың 4 учаскесінен бюджетке 5,7 миллиард теңге түседі.
-
Сенатор: Алапат қасіреттің шындығын аша алдық па?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы ашаршылықтың зардабын қазақ даласындағы әр шаңырақ сезінді деген пікірде.
-
Ел тұрғындары алтын сатып алуды жалғастыруда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ 2021 жылдың қаңтар айында қазақстандықтар екінші деңгейлі банктерден және жекелеген банктік емес айырбастау пункттерінен жалпы салмағы 111,5 кг 2 414 құйма сатып алды, деп хабарлады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
-
Өткен жылы экспорт арзандап, импорт қымбаттаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2020 жылы елімізде экспорттың тауар бағасы 7,7 пайызға арзандап, импорттық тауарлар 5,4 пайызға қымбаттаған.
-
Аналар тігінді тегін үйреніп жатыр
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырауда «Аналар үндестігі» қоғамдық бірлестігі көпбалалы аналар, жұмыссыз жүрген қыз-келіншектерді тігін тігуге тегін үйретіп жатыр. Сондай-ақ, орталықта бұл кәсіпті үйреніп жүрген мүмкіндігі шектеулі аналар да бар.
-
Мамин Шымкент пен Түркістанды дамыту жобаларын тексерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин жұмыс сапары аясында Шымкент пен Түркістан қалаларының көлік, тұрғын үй және әлеуметтік-мәдени инфрақұрылымы объектілерінің құрылыс барысын, сондай-ақ өңірдің өнеркәсіптік және су-энергетикалық әлеуетінің дамуын тексерді.
-
Ашаршылықтан опат болғандардың санын, аты-жөнін анықтау керек – тарихшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақ халқын іс жүзіндегі Ұлттық апат иіріміне құлатқан зұлматты жан-жақты да терең зерттеп, адам шығынын мейлінше нақтылаған дұрыс
-
Елордада мас адам экскаваторды айдап кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін сағат 05.00-де 102 қызметіне теміржол вокзалының жанындағы экскаватор рөлінде жүргізушінің ұйықтап жатқаны жайлы мәлімет келіп түсті. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының полиция қызметінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Депутат 8 жылдан бері салынып бітпеген жол туралы мәселе көтерді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Парламент депутаты Самат Мұсабаев Маңғыстау облысындағы 2013 жылдан бері бітпей келе жатқан "Шетпе - Қызан" тас жолына қатысты мәселе көтерді.
-
Ашаршылық жылдарын ұлт жадында сақтау мақсатында «Аза Сарайы» салынуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласында айтылған 1921-1922 жылдардағы Қазақстандағы жаппай ашаршылық тақырыбын жан-жақты зерттеу мәселесіне арналған Парламентінің Сенаты арнайы дөңгелек үстел өткізді.
-
Алматыда өртенген үйден әйелдің денесі табылды
Алматы, BAQ.KZ. Өрт 16 ақпан күні Алмалы ауданында болған. Бұл туралы Алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Аула тұрғындарын тәжірибелі бапкерлер тегін жаттықтыратын жоба қолға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордадағы жеке тұрғын үй кешендері бірінің ауласында қала тұрғындары тәжірибелі жаттығушымен бірге спортпен шұғылданды.
-
Нығматулин: Жаңа түзетулер соттарға жоғары білікті кадр тартуға мүмкіндік береді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің төрағалығымен өткен жалпы отырыста сот жүйелері мен судьялардың мәртебесіне қатысты бірқатар заң жобасы мақұлданды.
-
Елімізде 800 мыңнан аса адам зейнетақы жинақтарын басқарушы компанияларға бере алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Мария Хаджиева онлайн форматта өткен брифингте басқарушы компанияларға қойылатын талаптар туралы айтып берді.
-
CОVID-19-дан жазылған адамдардың 20%-ында постковид синдромы кездеседі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ ішкі аурулар кафедрасының профессоры, медицина ғылымдарының докторы Сәуле Қасенова айтты.
-
Респираторлық инфекциялардың 200-ден астам қоздырғышы бар – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде ДСМ «Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығы» ШЖҚ РМК «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» филиалы директорының орынбасары Манар Смағұл вирустық аурулардың алдын алу, иммунитетті нығайту және постковидтік асқынулар туралы айтты.
-
Ұрлап алған ақшасы бір облысқа жетеді. Профессор адамдар қанағат етпейтінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы профессор Шәкір Ыбыраев «Парасат жолы» жобасы аясында қоғам қайраткерлерімен кездесу барысында айтты.
-
Қызылорда облысында көгалдағы хоккей салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында жаңадан салынатын әлеуметтік нысандар көбейеді.
-
Талғарда туыстар арасындағы дау адам өлімімен аяқталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысы ПД Талғар ауданында туыстар арасындағы түсінбеушілік адам өліміге әкелгенін мәлімдеді.
-
Қазбекова: Ел болашағын қорғауға шақырылған басшылар балалар мен науқастарды тонайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекеттік сатып алу саласындағы бұзушылықтар және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың профилактикасындағы формализм. Партия мүшелері соңғы үш жылда «Nur Otan» жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің отырысында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін не істелгенін талқылады.
-
Қызметін тоқтатқан «Tengri Bank» салымшылары 16,8 млрд теңге өтемақы алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Tengri Bank» АҚ қызметін мәжбүрлі түрде тоқтату туралы мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотының шешімі 2021 жылдың 15 ақпанында заңды күшіне енді.
-
«ADAL» партиясы әкімдіктердің бюджетін халықпен келісуді ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» партиясы еліміздің 148 ауданы мен 34 қала әкімдіктеріне азаматтарды толғандыратын проблемалар туралы деректерге сәйкес жергілікті бюджеттерді түзету мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен ресми хаттар жолдады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Халықаралық іздеуде болған «ОLIMP KZ» есепшісі ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан азаматшасы Елена Антонцеваны Черногориядан экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.
-
Тоқаев Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президентін қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады, деп хабарланды Ақорданың сайтында.
-
Тоқаевтың тапсырмасын саботаж жасап отыр. Депутат шенеуніктерді аямау керегін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Аманжан Жамалов зейнетақы жинағын емге жұмсау және қаржы компанияларына басқаруға беру ережелерінің әлі дайын еместігін айтып, дабыл қақты.
-
Сағынтаев «жекеменшікке берілді» деген ҚазҰУ-дің жеріне қатысты пікір білдірді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі тұрғындарға есеп беру кездесуінде әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің жері жекеменшікке беріледі екен деген сөзге қатысты жауап берді.
-
Жалпыға бірдей декларациялау: Кімдер және қашан тапсырады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биылдан бастап елімізде жалпыға бірдей декларациялаудың алғашқы кезеңі енгізілді. Алдағы бес жылда еліміздің барлық азаматы декларация тапсыратын болады. Ол қалай жүзеге асырылады және мақсаты не? Қандай мүлік пен табыс декларациялануы тиіс? Осы сауалдарға Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Мемлекеттік қызметтер департаментінің Жалпыға бірдей декларациялау басқармасының басшысы Дина Құсаинова жауап берді.
-
Күннің күрт суытуы АҚШ-тың бірнеше штатында вакцинация қарқынын бәсеңдетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-тың ондаған штатын қамтыған бұрын-соңды болмаған қолайсыз ауа райына байланысты елде вакцина жеткізу кешіктіріліп, бірқатар вакцинация орталығы жабылды, деп хабарлайды америкалық БАҚ.
-
2025 жылы Жетісуға 3,5 млн турист келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының туризм саласында әлеуеті зор. Ал, 2025 жылға қарай Жетісуға 3,5 млн адам келеді. Бұл туралы Алматы облысының әкімі Амандық Баталов халықпен онлайн форматта өткізген бапсасөз мәслихатында баяндады.
-
Инвестициялық кіріс төмендейді. Иранның ЕАЭО-ға кіруіне қатысты экономистер пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жақында Иран Ислам республикасы Еуразиялық экономикалық одаққа қосылуға дайын екендерін мәлімдеді. Парсы шығанағындағы мемлекетпен бір одаққа мүше болуымыз Қазақстан үшін қаншалықты тиімді? Осы мәселе жөніндегі экономистердің пікірін білген едік.
-
Биыл мемлекеттік сыйлықақы алу үшін депозитке қанша ақша жинау керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Отбасы банктің» салымшысы депозитке биыл 583 400 теңге жинаса, мемлекеттік сыйлықақыны алуға құқылы.
-
Жаға ұстатарлық деңгейде. Дәрігер оқушыларға қатысты өзекті проблеманы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі уақытта компьютер, планшет, смартфон және өзге де гаджеттер қызмет барысында ғана емес, өмірімізге түбегейлі дендеген таптырмас көмекші құралға айналғаны белгілі. Алайда, пайдасы орасан болғанымен гаджеттердің күрделі проблемалардың көзі екені де аян.
-
Сағынтаев Үлкен Алматы жағалауы қалай өзгеретінін айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Қала әкімінің тұрғындарға есеп беру кездесуінде тұрғындар Үлкен Алматы жағалауын абаттандыру мәселесін қозғады.
-
Елордада Тәуелсіздік мерекесі той-томалақ емес, қайырымдылық жасау форматында өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордада тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында «30 қайырымды іс» жүзеге асырылмақ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен үкіметтік емес ұйым өкілдерімен кездесу барысында айтты.
-
Қазақ тележурналистикасы ауыр қазаға ұшырады – Берік Уәли
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Телевизияның өркендеуіне жастық жалыны мен кемел дарынын қатар жұмсаған, өлшеусіз еңбегі сіңген абзал аға Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден озды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли.
-
Командалық ауысу. Басшымен бірге қандай қызметкер жаңа жұмысқа бара алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев командалық ауысуға қатысты қойылған сұраққа жауап берді.
-
Алматы әкімі жұмыртқа бағасының өсуіне қатысты пікір білдірді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде қаладағы азық-түлік бағасының өсу мәселесіне қатысты жауап берді.
-
Бәсекеге қабілетсіз болып қалады. Депутат елдегі тағы бір мәселені айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістегі «Ақ жол» фракциясы атынан депутат Дания Еспаева елдегі жеңіл өнеркәсіптің проблемасын көтерді.
-
Алматыда жылдың соңына дейін 601 көше жарықтандырылады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев тұрғындарға есеп беру кездесуінде айтты.
-
Өнегелі өмір иесінің асыл бейнесі жүректе мəңгі сақталады – Райымқұлова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Нұртілеу Иманғалиұлының отбасы мен туған-туыстарына көңіл айтты.
-
Алтын Орда базарының жолы мені де шаршатты – Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар әкімнен қаланың шыға берісіндегі Алтын Орда базарында салынып жатқан жол айырықтың құрылысы қашан аяқталатынын сұрады.
-
Әкімшілік жауапкершілікке тартылған министрліктер аталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев қандай министрліктерде әкімшілік құқық бұзушылық тіркелгені туралы айтып берді.
-
Бір жылда елдегі кедейлік деңгейі 21 пайызға өсті – Ерлан Сайыров
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Ерлан Сайыров елдегі кедейліктің өсіп жатқанын, әсіресе ауылдағы жағдайдың қиын екенін айтып дабыл қақты.
-
Сағынтаев халықпен бірге вакцина салдыруға дайын екенін мәлімдеді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар әкімге вакцина алуға дайынсыз ба, коронавируске қарсы вакцинаны халық ақылы түрде салдыра ала ма деген сауал қойды.
-
Былтыр қанша мемқызметшінің заң бұзғаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау, қызметтердің халыққа қолжетімділігі» тақырыбында брифинг өтті.
-
Депутат елдегі дәрігерлердің жетіспеушілігіне алаңдаушылығын білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Гүлдара Нұрымова елдегі дәрігерлердің жетіспеушілігіне алаңдаушылығын білдірді.
-
Шығыста сиыр табынымен, қой қорасымен жоғалып жатыр - депутат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Ғазиз Құлахметов Шығыс Қазақстандағы мал ұрлығының азаймай тұрғанын айтып, Үкімет басшысына депутаттық сауал жолдады.
-
«Әйелге ұл туып бер» деу зорлық-зомбылықтың түріне жатады - психолог
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Келешек» психологиялық орталығының директоры Наталья Семененко айтты.
-
Зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін психологтар қалай оқытылады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін психологтар оқытылады. Бұл туралы «Келешек» орталығының психологі Варвара Полякова Қазақстан әйелдері қауымдастығы мен ҚР-дағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының қолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаны талқылау аясында айтты.
-
Алматы мен Талғар арасына электричка жүргізуді қолға алып жатырмыз - Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде Алматының экологиясын жақсарту бойынша қандай шаралар қолға алынып жатқанын айтты.
-
25 жастағы депутат Мәди Ахметов Маминге алты талап қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжілістегі ең жас депутат Мәди Ахметов алғашқы сауалын Үкімет басшысы Асқар Маминге жолдады.
-
Көпбалалы аналарға қосымша ауыртпалық түсіріп отыр. Депутат Үкіметке ұсыныс жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс депутаты Әлия Әбсеметова премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжановқа депутаттық сауал жолдады.
-
Жоғарғы сот төрағасы мен судьясына қойылатын талаптар өзгереді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» заң жобасы қабылданды.
-
Психология факультеттері тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істеуді оқытпайды - маман
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда отбасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынасты қалыптастыру аясында Қазақстан әйелдері қауымдастығы мен ҚР-дағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысу үшін психологтардың біліктілігі арттылып жатыр.
-
Сағынтаев Зерделідегі қисайған үйдің жағдайы жайлы айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде қала тұрғындарының сұрақтарына жауап берді.
-
Нұртілеу аға төл журналистикамызды дамытуға өлшеусіз үлес қосқан тұлға болды – Абаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін қазақ телевизиясы ауыр қайғыға душар болды. Бұл туралы Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі басшысының бірінші орынбасары Дәурен Абаев өзінің Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
2020 жыл ауыр болғанымен барлық экономикалық көрсеткіште өсіммен шықтық - Сағынтаев
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев халыққа есеп беру кездесуінде өткен жыл қиындықтарды еңсеру жылы болғанын айтты.
-
Шымкентке Германияның «Бавария» клубы келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Қазақстанның «БИІК-Қазығұрт» клубы Германияның «Бавариясымен» кездесетін болды.
-
Биыл Өскеменде 20-дан астам әлеуметтік нысан салынады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойын тойлау қарсаңында Өскеменде 20-дан астам әлеуметтік нысан, аула мен аллеялар, саябақтар және скверлер пайдалануға беріліп, қала тұрғындарына баспана табыстау жоспарланып отыр.
-
Аида Балаева: Нұртілеу Иманғалиұлы тележурналистикада өзіндік мектеп қалыптастыра білді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Нұртілеу Иманғалиұлының мезгілсіз қазасына байланысты отбасы мен жақын-туғандарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтты.
-
15 мың қазақстандық Coursera білім беру платформасында тегін оқуды аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің, «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ мен Coursera онлайн оқыту платформасының бірлескен жобасы аясында 15 мың қазақстандық түрлі бағыттар бойынша тегін курстарда оқуды аяқтады.
-
Павлодарда 2023 жылға дейін апатты сегіз үй сүріледі
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар қаласында апатты деп танылған үйлерді сүру жұмыстары жалғасын табады. Биылғы жылы бұрынғы Алюминстрой шағын ауданындағы сегіз екіқабатты нысан бұзылады. Ал тұрғындар пәтерлермен қамтылады.
-
Еліміздің бес өңірі «сары», біреуі «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Эпидемиологиялық ахуал бойынша Павлодар облысы әлі «қызыл» аймақта, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі.
-
СҚО-ға барған жас дәрігерлерге 2,5 миллион теңге көтермеақы төленеді
Солтүстік Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бұған дейін теріскейге ат басын бұрған медициналық жоғары оқу орындарының түлектеріне 1,5 миллион теңгеден төленген болатын. Осының арқасында соңғы 3 жылда өңірге 262 жас маман келді.
-
Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 66 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2021 жылғы 17 ақпандағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
12 адам коронавирустан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 17 ақпандағы ақпаратты жариялады.
-
Қазақстанда Lada қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен жылы Lada-ның Қазақстандағы ресми дилері науқан өткізіп, Lada Granta мен 4×4-ті арзан сатқан еді. 2021 жылы ресей көліктері анағұрлым қымбаттады, деп жазады kolesa.kz.
-
Коронавирус: тағы 1051 адам емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 1051 адам коронавирус індетінен емделіп шықты. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.
-
Өткен тәулікте 796 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 796 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
ПТР-анықтамасы жоқ 269 шетелдік шекарадан өткізілмеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирусқа ПТР-анықтамасыз Атырау облысындағы мемлекеттік шекарадан өтпек болған 269 шетелдік елге кіргізілмеді.
-
Биыл Қазығұрт ауданында 100 мыңнан астам тұрғын табиғи газға қол жеткізеді
Нұр-Сұтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Қазығұрт ауданында ағымдағы жылы 2 табиғи газ нысанының 4 елді мекенде құрылыс жұмыстарын жүргізуге 388 млн теңге бөлінген.
-
Жапонияда тағы да жер сілкінісі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда күші 4,3 балдық жер сілкінісі тіркелді, деп жазды Хабар24.
-
Бас мүфти деструктивті діни ағымда болған азаматтармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен «Шындықты іздеген табады» атты тақырып аясында елордада арнайы кездесу өтті.
-
Дәрігерлер 4 жасар баланың асқазанынан бір уыс шаш алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте дәрігерлер 4 жасар баланың асқазанынан бір уыс шаш алды.
-
Тұрғын үй құрылысында жергілікті қамту көлемі артып келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы тұрғын үй құрылысы кезінде жергілікті қамту үлесін арттыру туралы ҚР ИИДМ-ге тапсырма берген болатын. Бұл бизнес үшін құрылыс материалдарының отандық нарығын дамытуға қосымша мүмкіндік береді.
-
Түркістанда жаңа телеарна ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы қоғамдық даму басқармасында облыстағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру және қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығы жөнінде жиын болып өтті.
-
Германияның танымал дәрігері елордада шеберлік сыныбын өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның омыртқа хирургиясы клиникасының басшысы, профессор Рудольф Бертаньоли Көпбейінді қалалық ауруханалардың дәрігерлеріне өз тәжірибесін бөлісу үшін Нұр-Сұлтанға арнайы жұмыс сапарымен келді, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
900-ге жуық қандасымыз азаматтық алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша 877 адам тарихи отанына оралып, қандас мәртебесін алды. 1991 жылдан бастап республикаға барлығы 1 млн 71,2 мың этникалық қазақ оралған.
Наверх