Халықаралық іздеуде болған «ОLIMP KZ» есепшісі ұсталды

17 Ақпан 2021, 15:54
1777
Бөлісу:
Халықаралық іздеуде болған «ОLIMP KZ» есепшісі ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қазақстанның Бас прокуратурасы мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Қазақстан азаматшасы Елена Антонцеваны Черногориядан экстрадициялады, деп хабарлады Бас прокуратураның баспасөз қызметі.

Елена Антонцеваға «ОLIMP KZ» Букмекерлік кеңсесі» ЖШС бухгалтер болып жұмыс істеп жүріп, ұйымдасқан топтың құрамында мемлекетке аса ірі мөлшерде залал келтіріп, ойын бизнесі саласында заңсыз қызметті жүзеге асырды деген күдік келтірілді, - делінген хабарламада.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты оған халықаралық іздеу жарияланды.

Қазіргі уақытта ол Алматы қаласының тергеу изоляторында.

Өзгелердің жаңалығы