Шымкентке Германияның «Бавария» клубы келеді

17 Ақпан 2021, 10:43
1624
Бөлісу:
Шымкентке Германияның «Бавария» клубы келеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасының 1/8 финалының жеребесі тартылды. Қазақстанның «БИІК-Қазығұрт» клубы Германияның «Бавариясымен» кездесетін болды.

Алғашқы ойын 3/4 наурызда Шымкентте өтеді, қарымта матч 10/11 наурызға жоспарланған. 

1/8 финалдың өзге жұптары:

«Вольфсбург» – ЛСК
 «Барселона» – «Фортуна»
 «Русенгорд» – «Санкт-Пельтен»
 «Манчестер Сити» – «Фиорентина»
 «Спарта» – «Пари Сен-Жермен»
 «Лион» – «Брондбю»
 «Челси» – «Атлетико»
Шымкентке Германияның «Бавария» клубы келеді

«БИІК-Казығұрт» осының алдында 1/16 финалда Украинаның «Жилстрой-2» клубмен кездескен. Сырт алаңда қарсылас 2:1 есебімен жеңген. Шымкентте жерлестеріміз 1:0 есебімен басым түсті. Сөйтіп, екі ойынның қорытындысы бойынша «БИІК-Казығұрт» келесі кезеңге өтті.

Айта кетейік, Мюнхеннің «Бавария» клубы былтыр да  1/8 финалда Қазақстан командасымен ойнаған. Алғашқы ойын 5:0, қарымта кездесу 2:0 есебімен немістердің пайдасына шешілген.
Өзгелердің жаңалығы