Зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін психологтар қалай оқытылады?

17 Ақпан 2021, 11:43
1657
Бөлісу:
Зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін психологтар қалай оқытылады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен жұмыс істейтін психологтар оқытылады. Бұл туралы «Келешек» орталығының психологі Варвара Полякова Қазақстан әйелдері қауымдастығы мен ҚР-дағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының қолдауы аясында жүзеге асырылып жатқан жобаны талқылау аясында айтты. 

Алғашында біз офлайн режимде 40 адамды оқытуды жоспарлаған едік. Ол әрбір өңірден 2 адам оқытылады деп едік. Алайда онлайн біздің мүмкіндігімізді кеңейтіп, онлайн өткізуге ден қойдық. Біз 246 электронды өтініш алдық. Біздің болжам бойынша 120 адам келуі керек еді. Алайда оқытудың алғашқы күні 201 қатысушы қатысуға ниет білдірді, - деді ол. 

Варвара Полякова айтқандай, бүгінгі таңда 246 қатысушы психолог біліктілігін арттырып жатыр. 

Бізде әртүрлі санатттағы психологтар, медиаторлар мен заңгерлер оқып жатыр. Жас шектеуі жоқ. Жоғары білім мен магистранддар да, ғылым кандидаттары да бар. Географиялық қамту да әртүрлі. Қазақстанның түкпір-түкпірінен мамандар қатысып, біліктілігін арттырып жатыр. Жобадан кейін Қазақстанның әртүрлі өңірлермен 9 меморандум түздік, - деді ол. 

Жобаға қатысып жатқан психолог мамандар өздерінің әсерлерімен бөлісті. 

Ақтөбе оьлысынан біліктілікті арттыру курсына қатысып жатқан психолог Арайлым Тоқсанбаева бұл мәселенің өте өзекті екенін айтты. 

Шетелдік мамандардың тәжірибесіне біз  өзіміздің  менталитет пен деңгейіміз призмасынан қараймыз. Алайда мамандар зорлық-зомбылықты жасаған адамдар мен құрбандарымен қалай жұмыс істеу керек екенін үйретті. Бұл мәселелердің барлығы кішкентай кезден басталады. Қазір ересектер де жастары ұлғайғанмен, психологиялық жағдайы өспей отыр. Бала кездегі травмалармен жұмыс істемей, ересек кезінде зоролық-зомбылыққа душар болып жатыр, - деді Тоқсанбаева.

Өзгелердің жаңалығы