Тоқаев Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президентін қабылдады

17 Ақпан 2021, 15:41
1567
Бөлісу:
Тоқаев Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президентін қабылдады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Total концернінің барлау және өндіру жөніндегі бөлімшесінің президенті Арно Брейякты қабылдады, деп хабарланды Ақорданың сайтында.

Кездесу барысында көмірсутегі секторындағы бірқатар жобаны жүзеге асыру мәселелері, Қазақстан мен Total концерні арасындағы ықпалдастықтың алдағы перспективалары, сондай-ақ жаңа инвестициялар тарту мүмкіндіктері талқыланды.

Арно Брейяк Қасым-Жомарт Тоқаевқа концерннің жасыл технологиялар бағытындағы жұмысын трансформациялау жоспары туралы айтып, кәсіпорынның атауын TotalEnergies деп өзгертуге ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар француз кәсіпкері концерннің Қазақстандағы мұнай-газ саласы бойынша, соның ішінде Қашаған кен орнындағы екінші фазаны іске асыру аясындағы ірі жобаларға, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері бағытындағы бірқатар жобаға инвестиция салуға дайын екенін нақтылады, - делінген хабарламада.

Мемлекет басшысы мұнай-газ концернінің даму стратегиясын өзгерту жөніндегі шешімін құптап, Қазақстанның 2060 жылға қарай көміртегі бойынша бейтараптыққа қол жеткізуге бейілді екенін айтты.

Сонымен қатар кездесуде Арно Брейяк Қасым-Жомарт Тоқаевқа компанияның Каспий және Оңтүстік-Еуропа аймағы бағытындағы бөлімшесінің жаңа вице-президенті Кристин Хейлиді таныстырды.


Өзгелердің жаңалығы