Ұрлап алған ақшасы бір облысқа жетеді. Профессор адамдар қанағат етпейтінін айтты

17 Ақпан 2021, 17:05
4228
Бөлісу:
Ұрлап алған ақшасы бір облысқа жетеді. Профессор адамдар қанағат етпейтінін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы профессор Шәкір Ыбыраев «Парасат жолы» жобасы аясында қоғам қайраткерлерімен кездесу барысында айтты.

Жақсы дәстүр ретінде қанағат етуді айтуға болады. Жақсы отбасында «қанағат қыл» деп айтып отыру керек. Ол қалай болса, солай өмір сүруге қанағат ету деген сөз емес. Барына қанағат қылу. Белгілі бір нәтижеге қанағат ету. Ашкөздік пен тойымсыздыққа жол берсек, шаруа бітті. Тәннің сұрағанын қуатын болса, шеті мен шегі жоқ. Оны тоқтататын тек қанағат сезімі, - деді ол. 

Ыбыраевтың айтуынша, қазіргі ұрлап жатқан, материалдық билік қолына түскен адамның томай жатқан себебі де - қанағаттың жоқтығы. 

Оларға тамақ, не киім жетпей жатыр ма? Олардың жиып алған ақшасына аудан, облысты асырауға болады. Проблема біреу – қанағатсыздық. Осыны адамның санасына құю керек. Сол кезде көп пәледен құтыламыз. Заңды қатайтып, аттап басса, жазалаудың қажеті жоқ. Саналы социумда саналы заң болуы керек. Еуропаның да бізден ерекшелігі осы. Олар заңды қатайтып, қырып-жойып жатқан жоқ. Олар саналылықты басшылыққа алып отыр, - деді Ыбыраев. 

Профессор мектептегі балалардан бастау керегін алға тартты. 

Біріншіден, ұлтымыз бен мемлекетімізді сүюге тәрбиелеу керек. Екіншіден, сол мемлекетке зиян келтірмеуді саналарына құю керек, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы