Былтыр қанша мемқызметшінің заң бұзғаны белгілі болды

17 Ақпан 2021, 12:13
1296
Бөлісу:
Былтыр қанша мемқызметшінің заң бұзғаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «Мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау, қызметтердің халыққа қолжетімділігі» тақырыбында брифинг өтті.

Агенттік мәліметінше, электрондық нысанда көрсетілген қызметтер екі есеге өсті. Былтыр 82,9%-ға көбейген.

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаевтың мәліметінше, БҰҰ рейтингісіне сәйкес 2020 жылы «электрондық үкіметті» дамыту көрсеткіштері бойынша Қазақстан 193 елдің ішінде 29-орынды иеленді. 

Агенттік 2020 жылы 646 тексеру шараларын жүргізді. Заң бұзушылықтарды жою бойынша 446 ұсыныс енгізіліп, оның 435-і орындалды, 11-і бойынша жұмыс жасалып жатыр. Ұсыныстардың нәтижелері бойынша 646 тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды, - деді ол.

Оның сөзінше, 114 мыңнан астам заң бұзушылық анықталды. Оның ішінде 77%-ы, яғни 87,5 мыңнан астамы орталық мемлекеттік органдар мен ведомстволарда. Ал жергілікті органдарда 23%, 26,5 мыңды құрады.

Айта кетейік, құқық бұзушылықтардың басты себебі - артық құжаттарды талап ету. Өткен жылы бұзушылықтардың 80,5 пайызы артық құжаттарды талап ету бойынша анықталған.


Өзгелердің жаңалығы