«Әйелге ұл туып бер» деу зорлық-зомбылықтың түріне жатады - психолог

17 Ақпан 2021, 11:50
2443
Бөлісу:
«Әйелге ұл туып бер» деу зорлық-зомбылықтың түріне жатады - психолог

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Келешек» психологиялық орталығының директоры Наталья Семененко айтты.

Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың негізгі төрт түрінен басқа да түрі бар екенін ұмытпау керек. Олар әртараптандырылған. Мысалы, көп әйел репродуктивті зорлық-зомбылыққа ұшырайды. Ол - серіктесі немесе отбасы мүшелері тарапынан бала тууға қатысты қысым көруі. Ол бірінші босанудан әлі қалпына келмей, айықпай жатып, екіншісі туралы ойлауы, оған отбасы мүшелерінің  күштеуі зорлық-зомбылық болып табылады. «Егер жақсы келін болсаң, бір ұл туып бер» деп айту да соған жатады, - деді ол. 

Психолог атағандай, осылайша, отбасы мүшелері әйелге үнемі өзін кінәлі сезініп жүруін ұялатуы мүмкін. 

Аборт мәселесі де сондай. Медициналық тараптан алатын болсақ, бұл әйелдің денсаулығына зиян. Алайда аборт жасату белең алғанын көріп отырмыз. Осы сынды мәселелер бізге өте маңызды. Осы талаптарды заңға енгізуді қарастыруды сұраймыз. Егер заң болса, оны дәлелдеу оңай болады. Кибербуллинг те сондай, оны да заңға енгізу керек, - деді Семененко. 

Айта кетейік, Қазақстанда отбасында зорлық-зомбылықсыз қарым-қатынасты қалыптастыру аясында Қазақстан әйелдері қауымдастығы мен ҚР-дағы АҚШ-тың дипломатиялық миссиясының қолдауымен тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерімен айналысу үшін психологтардың біліктілігі арттырылып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы