Сағынтаев халықпен бірге вакцина салдыруға дайын екенін мәлімдеді

17 Ақпан 2021, 12:18
1324
Бөлісу:
Сағынтаев халықпен бірге вакцина салдыруға дайын екенін мәлімдеді

Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың халыққа есеп беру кездесуінде тұрғындар әкімге вакцина алуға дайынсыз ба, коронавирусқа қарсы вакцинаны халық ақылы түрде салдыра ала ма деген сауал қойды. 

Әкім қалада 1 ақпанан бастап Ресейде әзірленген «Спутник V» вакцинасы салынып жатқанын айта келе Қазақстан 2 млн-нан астам вакцина алуға келісім жасасқанын жеткізді. 

Біздің квотамыз бойынша бірінші жарты жылдықта Алматыға 150 мың доза қабылдаймыз. Одан бөлек өзімізде жасалып жатқан QazCovid-in шілде айында дайын болады деп жатыр, оны екінші жартыжылдықта саламыз, - деді Сағынтаев. 

Сонымен қатар ол тәуекел тобына жататындар вакцина алып болған соң ғана халыққа екпе салу мәселесі қарастырылатынын айтты. 

Вакцинаны ақылы түрде салу мәселесі әлі шешілген жоқ, бұған дейін Президент екпе мемлекет есебінен салынатынын айтқан, сондықтан бұл мәселені әлі де анықтаймыз. Ал екпе алуға келсек, мен де халықпен бірге осы вакцинаны алуға дайынмын, - деді әкім.


Өзгелердің жаңалығы