Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

17 Ақпан 2021, 09:23
6874
Бөлісу:
Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайғылы хабарды Qazaqstan ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі таратты.

 

Бүгін таңертең 70 жасқа қараған шағында Қазақ телевизиясында 45 жыл қызмет атқарған журналистика ардагері Нұртілеу Иманғалиұлы өмірден өтті. 

Нұртілеу Иманғалиұлы «Құрдастар», «Жастар дауысы», «Арай», «Жадыңда ма, жолдас», «Айна», «Жас жігер», «Бетпе-бет», «Қолтаңба», «Діңгек», «Көршілер», «Заң сөйлесін», «Nur-Tiley» авторлық бағдарламалары арқылы қалың көрермен есінде қалды.

2006-2007 жылдары «Қазақстан» республикалық телерадиокорпорациясы» акционерлік Қоғамының басқарма төрағасы, одан кейінгі жылдары «Қазақстан РТРК» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі қызметтерін атқарды. Соңында ізбасар шәкірттер тәрбиеледі.

 

BAQ.KZ ұжымы Нұртілеу Иманғалиұлының жақындары мен туған-туыстарына қайғырып көңіл айтады. 

 

 


 

Өзгелердің жаңалығы