«ADAL» партиясы әкімдіктердің бюджетін халықпен келісуді ұсынды

17 Ақпан 2021, 16:06
1465
Бөлісу:
«ADAL» партиясы әкімдіктердің бюджетін халықпен келісуді ұсынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» партиясы еліміздің 148 ауданы мен 34 қала әкімдіктеріне азаматтарды толғандыратын проблемалар туралы деректерге сәйкес жергілікті бюджеттерді түзету мүмкіндігін қарастыру ұсынысымен ресми хаттар жолдады. Бұл туралы партияның баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстандықтардың шағымдары мен өтініштері көбінесе жолдардың сапасына, ұялы байланысқа, интернетке қосылу, сумен жабдықтауға және жұмыссыздыққа қатысты. Сондай-ақ, кей елді мекендердің тұрғындары медициналық қызмет көрсету сапасына қатысты шағымданған.

20 қаңтардан бастап елімізде әкімдердің халық алдындағы есеп беруі басталды, оған сәйкес 2021-2022 жылдарға арналған бюджеттер қалыптастырылатын болады. «ADAL» партиясы әкімдіктерге халық өтініштеріне құлақ асып, бюджеттерді оларға жіберілген өзекті проблемаларға сәйкес құруды ұсынады.

Жаңартылған «ADAL» партиясы бастапқыдан тұрақты өсуге бағытталған эволюциялық даму жолын белгіледі. Басты мақсат – қазақстандықтардың өмір сүру сапасын арттыру, ел тұрғындарының проблемаларын шешу.

Партия кандидаттары Республика Парламентіне енбесе де, өз қызметтерін белгіленген мақсат шеңберінде жалғастыруда. Белсенді үгіт-насихат кезеңі аяқтала салысымен, партия мүшелері сайлауалды науқаны кезінде жүргізілген 5161 кездесу, сонымен қатар 7 млн халықты қамтыған әлеуметтік сауалнама барысында жиналған өтініштер бойынша жұмыс бастады.

Ауқымды талдау жұмысының қорытындысы бойынша «ADAL» партиясы 2021 жылдың 15 ақпанында  148 аудан мен 34 қала әкімдіктеріне ресми хаттар жолдады, онда әр елді мекендегі проблемалар туралы ақпарат бар, олардың әрқайсысы бойынша деректер нақты көрсетілген (мысалы, көшелер, үйлердің нөмірлері және т.б.).

Біз нақты деректерді көрсете отырып, халықтың қазіргі проблемалары бойынша ақпаратты қамтитын барлық деректерді жинадық. Оларды талдап, әкімдіктерге CD–тасығыштарда тарттық, өйткені дерекдер жүздеген парақтан тұрады. Бұл құжаттың әр беті, бюджетті қалыптастыру кезінде әкімдіктер тыңдауы тиіс аудан тұрғындарының проблемалары. Бюджетті үйлестіру иерархиясы басқаша болуы керек. Әкімдіктердің бюджеттері халықпен келісілуі тиіс, - деді партия хатшысы Эльдар Жұмағазиев.

Партияның негізгі мақсаты – 2021-2022 жылдарға арналған бюджеттерді, көрсетілген мәліметтеге сәйкес түзету мүмкіндігіне қол жеткізу. Жиналған ақпарат әкімдіктерге халықты толғандырып отырған проблемаларды жедел әрі тиімді шешу үшін нақты шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.

«Уәде беру» уақыты 10 қаңтарда өтті, сол сәттен бастап нақты ұсыныстар уақыты келді. Қазіргі таңда барлық бағыт бойынша жұмыс жасалып, белсенді жүзеге асырылуда. Партияның үгіт-насихат кезеңіндегі басты мақсаты халықтың мұң-мұқтажын тыңдау болды. Сол себепті 5161 кездесу өткізіліп, 4000-нан астам өтініш жинадық. Сонымен қатар, біз үгіт-насихат кезеңі басталмай тұрып ел арасында әлеуметтік сауалнама жүргіздік. Оған 2 млн-нан астам отбасы қатысты, бұл шамамен 7 млн адам. Ақпаратты талдауға бір айға жуық уақыт кетті. Бұл, әрине, жүйелі әрі тынымсыз жұмыс. Партия 182 әкімдікке өз бюджеттерін халықтың өтініш-тілектерін ескере отырып қалыптастыру туралы нақты ұсыныс жасады, - деп атап өтті Эльдар Жұмағазиев.

Мысалы, партия сарапшылары жасаған талдау нәтижесінде, Түркістан облысына қарасты, Сарыағаш ауданы тұрғындарының 24%-ы (5816 адам) сапасыз жолдарға шағымданды, ауданның екінші мәселесі – ауыз су сапасы мен қамтамасыз ету мәселесі. Бұл туралы сауалнамаға қатысқан халықтың 23%-ы (5596 адам) айтты. Үшіншісі газбен жабдықтау – 8,5% (2073 адам).

Ал, Солт. Қазақстан облысы, Уалиханов ауданындағы жол жағдайы 1887 (57,6%) адамды алаңдатуда. Ауданда интернеттің де сапасы нашар, бұл туралы халықтың 6,7%-ы (220 адам) айтты, ұялы байланыстың жоқтығы да өзекті - 5,8% (191адам).

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданының тұрғындарын алаңдатып отырған проблемалар: сапасыз жолдар - 15,3% (3174 адам); орталық сумен жабдықталмау - 5,6% (1156 адам); жұмыссыздық мәселесі - 3,5% (730 адам).

Ақтөбе облысы, Айтекеби ауданының тұрңындарын толғандырған өзекті мәселелер мынадай: газбен жабдықталудың болмауы - 39,2% (3964 адам.), сапасыз жолдар - 17,4% (1713 адам.), сапасыз интернет - 9,2 % (986 адам.).

Қазақстандықтарды толғандыратын басқа да проблемалардың арасында – жедел жәрдемнің уақтылы келмеуі, тротуарлардың, дәріханалардың, мешіттердің болмауы секілді мәселелер бар.

Өзгелердің жаңалығы