Командалық ауысу. Басшымен бірге қандай қызметкер жаңа жұмысқа бара алады?

17 Ақпан 2021, 13:14
2054
Бөлісу:
Командалық ауысу. Басшымен бірге қандай қызметкер жаңа жұмысқа бара алады?
PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде өткен брифингте Көрсетілетін мемлекеттік қызметтер департаментінің директоры Ильдар Үйсімбаев командалық ауысуға қатысты қойылған сұраққа жауап берді.

Оның айтуынша, басқа жұмысқа ауысқан кезде бірінші басшы өзінің көмекшісімен бірге жаңа қызметке ауыса алады. 

Басшымен бірге ауыса алатын лауазымды тұлғалардың санаттары бар. Олар көмекшілер, баспасөз хатшылары, кеңесшілер, - дейді Үйсімбаев.
басшы1.jpeg

Департамент директоры атап өткендей, басқа мемлекеттік қызметкерлер өзінің басшысымен бірге жаңа жұмыс орнына ауыса алмайды. 

Олар тек байқау қорытындысы бойынша жұмысқа орналаса алады. Агенттік жыл сайын мемлекеттік қызметтегі кадрлардың жай-күйіне мониторинг жүргізеді. Мониторингте кадрлық ауысулар туралы бөлімдер қарастырылған. Мұнда кадрлық ауысулардың нақты шегі айқындалған. Яғни бірінші басшы ауысқаннан кейін кадрлардың ауыс-түйісі 5%-тен жоғары болмауы қажет, - деп атап өтті Ильдар Үйсімбаев.
Оның сөзінше, егер бұл шектен асып кетсе, онда бұл мемлекеттік органның өзіне және оның ішінде бірінші басшының бағалауына теріс әсер етеді. 

басшы4.jpeg


Агенттік командалық ауысуды қалай бақылайтындары туралы сөз етті.

Мемлекеттік органдардың жыл сайынғы бағалау жүйесі бар. Бұл біріншіден. Екіншіден, басқару жүйесі бойынша жүргізілетін субъектілерге бару арқылы кәсіби бақылау. Егер мемлекеттік органда бұрын бұзушылықтар тіркелген болса, онда бұл мемлекеттік орган кәсіптік бақылау субъектісінің тізіміне енеді. Нәтижесінде Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау бөлімшеміз мемлекеттік органдағы барлық кадрлық бұзушылықтарды анықтайды, - деп түсіндірді ол брифингте.

басшы5.jpeg



Өзгелердің жаңалығы