Все новости за 15 желтоқсан 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Қамшыбек Қоңқабаев: Олимпиада алдында жарақат алып қалмау маңызды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында кезекті рет ел чемпионы атанған аса ауыр салмақтағы боксшы Қамшыбек Қоңқабаев енді 18 желтоқсанда кәсіпқой рингтегі екінші кездесуін өткізеді.
-
«Жусан» операциясы: Елге оралғандарды әлеуметтік қайта бейімдеу тәжірибесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ Конгресінің мүшелері мен қызметкерлеріне арналған «Жусан» операциясы туралы вебинар өткізілді. Қазақстан Елшілігі АҚШ-тың Конгресс өкілдері палатасындағы Қазақстан-АҚШ Кокусымен (достар тобымен) бірлесіп, қазақстандықтарды соғыс аймақтарынан оралту және оларды қоғамға қайта бейімдеу тәжірибесін талқылау мақсатында іс-шараны ұйымдастырды.
-
Қазақстанның «Құрметті жолшылары» анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі жоғары нәтижеге қол жеткізген автожол саласының өкілдерін «Құрметті жолшы» ведомстволық төсбелгісімен марапаттады.
-
Алматылықтар салықтық рақымшылықты пайдалана алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Мемлекеттік кірістер департаментінде мүлік салығы, жер салығы, көлік құралдары салығы бойынша берешегі бар азаматтарды жыл соңына дейін жүргізілетін жинақталған өсімпұлды есептен шығару бойынша салықтық рақымшылық мүмкіндігін пайдалануға шақырды.
-
Ең үздік ұлттық жоба анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Адал тұлға-2020» ұлттық сыйлығы аясында ҚР БҒМ қарасты «ADAL BILIM» жобалық кеңсесі «Ең үздік ұлттық жоба» номинациясына ие болды.
-
Қызметте көзге түскен полицейлер марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес 44 полицей мемлекеттік наградалар – II дәрежелі «Айбын» ордендеріне, «Ерлігі үшін», «Жауынгерлік ерлігі үшін» медальдарына және Құрмет грамоталарына ие болды.
-
Астанадағы құлаған көпір келесі жылы жөнделеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №2 жол өткелін қалпына келтіру жұмыстары 2021 жылы аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.
-
Сарапшылар мультидисциплинарлық командалардың жұмысын талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрінің бірінші орынбасары Марат Шоранов ДДСҰ-ның МСАК жөніндегі Географиялық жағынан қашық орналасқан офисі ұйымдастырған «МСАК туралы айтсақ» атты ай сайынғы вебинар сериясын іске қосуға арналған жиынға қатысты.
-
Мереке күндері ауруханалар қалай жұмыс істейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалалық медицина ұйымдарының жұмыс уақыты, науқастарды алдағы демалыс күндеріне қабылдау кестесі туралы айтты.
-
Ақпарат саласы мамандары марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінде медиа саласының және азаматтық қоғамның өкілдеріне мемлекеттік наградаларды салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.
-
Өлім-жітім айтарлықтай төмендеді – Алматы реаниматологі
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас реаниматолог-анестезиологі Тілеуберді Қуандықов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында созылмалы аурулары бар және егде жастағы адамдардағы COVID-19 ауруы ағымының ерекшеліктері туралы айтты.
-
Сабын ішіндегі «сәлемдеме»
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлерінің және 5513 әскери бөлімінің бақылау тобының жедел ақпараты негізінде, түзеу мекемесіне «Қазпошта» арқылы тыйым салынған затты жөнелтуге әрекеттенген азаматшаның қитұрқы ісі әшкере болды.
-
Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімнің орынбасары болып тағайындалды.
-
Мусин жемқорлықты азайтуға бағытталған цифрлық өнімдерді таныстырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен кеңесі өтті.
-
Коронавирустан көз жұмғандар саны 2147-ге жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 6 және 13 желтоқсан аралығында Қазақстанда коронавирус инфекциясынан 59 адам көз жұмды.
-
Тартылған инвестиция көлемі бойынша Қарағанды облысы елдегі үздік төрттікке кіреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Қаза болған ақтөбелік инспекторлардың отбасыларына медаль табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысы Полиция департаменті бастығы Атығай Арыстанов мереке қарсаңында қызметтік міндеттерін атқару кезінде қаза тапқан батырлардың отбасымен кездесті.
-
Мемлекеттік бағдарламаны іске асыру барысында 169 құқық бұзушылық анықталған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті. Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды.
-
Ақмолада аудан әкімі жол апатынан қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тарасов ауылдық округінің әкімі жол апатынан қаза тапты, деп мәлімдеді Жақсы ауданының әкімдігі.
-
Ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған оңалту орталықтары ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде Елбасының «Ел үміті» және «Қамқорлық» бастамалары аясында ұйымдастырылған қабілетті балалар мен жастарды қолдауға және инклюзивті қоғам қалыптастыруға бағытталған «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» атты онлайн-форум өтті.
-
Қытаймен шекарадағы көлік өткізу пункттері мереке күндері жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытаймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттері 2020 жылдың 16-17 желтоқсанында жабылады.
-
Тоқаев: Егемендік – әр халыққа бұйыра бермейтін баға жетпес бақыт
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
-
Қостанай облысында карантин шектеулеріне өзгеріс енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
-
Nur Otan партиясының өкілдері Шымкентке келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін партияның өкілдері Шымкентке келіп, шаһардағы медициналық және әлеуметтік қызметтер сапасын көтеру, жаңа тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар салу, оның ішінде жаңадан қосылған аудандарда құрылыс жүргізу мәселелерін талқылау үшін қала тұрғындарымен бірнеше кездесу өткізді.
-
Қазақстан-Норвегия саяси консультацияларының III раунды өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан-Норвегия Сыртқы істер министрліктері арасындағы консультациялардың кезекті отырысы онлайн өтті. Оның аясында екіжақты тректе, көпжақты форматта да саяси және сауда-экономикалық ынтымақтастық мәселелері талқыланды.
-
2020 жылы қабылданған ел өміріндегі елеулі заң жобалары
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2020 жыл әлемнің қай еліне болмасын оңай болған жоқ. Коронавирус індеті Қазақстанды да айналып өтпеді. Сондықтан наурыз айынан бері мемлекеттік органдардың 70 пайызы қашықтан жұмыс істеді. Оның ішінде Парламент депутаттары да бар. «Халық қалаулыларының» 65 жастан асқандары үйден жұмыс істеді. Соған қарамастан белсенділіктері төмендемей, бірнеше заңды талқылап, қабылдап та үлгерді. Желтоқсанның соңына дейін Мемлекет басшысының қол қоюын күтіп тұрған тағы бірнеше заң әлі бар. Биыл әсіресе саяси заңдар қабылданған жыл болды.
-
«Болашақ» арқылы білім алатын 123 үміткер анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырымбек Көшербаев Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысын өткізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
-
Адалдықтар еліміздің бірқатар өңірінде болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «ADAL» партиясының өкілдері елімізді аралап бірқатар кездесу өткізді.
-
Алматыда Немат Келімбетовті еске алуға арналған ғылыми конференция өтті
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде белгілі түркітанушы ғалым Немат Келімбетовті еске алуға арналған «Байырғы түркі тілі мен әдебиетін зерттеу мәселелері» атты халықаралық ғылыми жиын өтті.
-
Сайлау кезінде санитарлық талаптар қалай сақталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына аз уақыт қалды. Саяси науқанда «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «ADAL» («Бірлік») саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы және «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатыса алады.
-
Тәуелсіздік күніне орай Шымкентте 1200 орындық мектеп пайдалануға берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік мерекесіне орай Шымкент қаласында тағы бір білім ордасы пайдалануға берілді.
-
Сұлтанов: Тәуелсіздік – бұл елдің өз даму жолын анықтау мүмкіндігі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
-
«Абай тілінің ерекшеліктері» атты кітап жарық көрді
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Абай тілінің ерекшеліктері» атты жаңа кітаптың таныстырылымы өтті.
-
Шымкент халық саны өсімі жөнінен Алматыны басып озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы халық санының өсімі жағынан Алматыдан озып, Нұр-Сұлтан қаласынан кейінгі орынға тұрақтады. Бұл туралы Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматы тұрғындарына мемлекеттік марапаттар тапсырылды
Алматы, BAQ.KZ. Қала әкімі Бақытжан Сағынтаев Мемлекет басшысының атынан Тәуелсіздік күніне орай мемлекеттік марапаттарды тапсырды.
-
Питер Штурм Қызылордадағы теміржол сервисімен танысып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жолаушылар тасымалы» АҚ басшысы Қызылордадағы теміржол сервисінің сапасын тексерді.
-
Канада коронавирусқа қарсы жаппай екпе салуды бастады
Алматы, BAQ.KZ. Канада 14 желтоқсаннан бастап COVID-19-ға қарсы екпе салу компаниясын бастады. Бұл туралы Reuters хабарлады.
-
«Абай жолы» литва тілінде жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Литвада «Абай жолы» және «Ұстаздың оралуы» романдары литва тілінде жарық көрді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі.
-
«Ауыл» партиясының мүшелері қолөнер шеберлерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кездесуге отандық қолөнер шеберлері қатысып «Ауыл» Халықтық-демократиялық патриоттық партиясы мүшелеріне өз өнімдерін көрсетті.
-
Демалыс және мереке күндері сауда орындары жұмыс істей ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде алдағы демалыс және мереке күндері өңірлердегі сауда орындарының жұмысына тоқталды.
-
Мемлекет басшысының атына Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілерінен құттықтау жеделхаттары келіп түсуде, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Алдағы демалыс күндері халық көп жиналатын орындарға бармауға шақырамыз – ДСМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің жұқпалы ауруларды эпидемиологиялық қадағалау басқармасының басшысы Роза Қожапова ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг кезінде айтты.
-
Цой: Аман қалған әрбір қазақстандықтың өмірі үшін дәрігерлерге алғыс айтамын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтай келе, әр шаңыраққа шаттық, береке, бірлік пен дендеріңізге саулық тіледі.
-
Шпекбаев жемқорлықпен күресіп жүрген қызметкерлерге мемлекеттік наградаларды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәуелсіздік күні қарсаңында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, парасаттылық қағидаттарын ілгерілетуге, сондай-ақ заңдылық пен құқық тәртібін қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін жұртшылық өкілдерін марапаттады.
-
2021 жылдан бастап студенттерге стипендия университет арқылы төленбеуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің онлайн аппарат жиналысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
-
Жемқорлықпен ұсталған университеттер лицензиясынан айырылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ тілшісі. Бүгін ҚР Білім және ғылым министрлігі фэйсбуктегі ресми парақшаларында аппарат жиналысын өткізді. Онлайн жиналыста жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру талқыланды.
-
Машина жасаудың үлесін арттыруда жапон мен немістің тәжірибесін пайдалансақ...
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Машина жасау саласы дамыған елдердің экономикасы да ілгері басады. Қазақстанда бұл саланың бүгінгі аяқ-алысы қалай? Осы сұраққа BAQ.KZ тілшісі жауап іздеп көрді.
-
Саяси партиялардың теледебаттары қай телеарнадан көрсетілетіні анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Орталық сайлау комиссиясының отырысында саяси партиялардың теледебаттары қай телеарнадан көрсетілетіні мәлім болды.
-
Сайлаушылар дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін қалай алады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті.
-
«Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығында Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық «Қазақстан жастары – 2020» ұлттық баяндамасының сараптамалық талқылауы өтті.
-
Жаңа жылдан кейін Тоқаев бірден Үкімет мүшелерін жинамақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин келесі жылдың басында Мемлекет басшысының қатысумен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтетінін хабарлады.
-
29 жыл ішінде Қазақстан барлық салада үлкен прогреске қол жеткізді – Үндістан елшісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасындағы Үндістанның төтенше және өкілетті елшісі Прабхат Кумар қазақстандықтарды 16 желтоқсан – Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
-
ҚХП Алматы мен Степногор қалаларында кездесу өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда Қазақстан Халық партиясының өкілдері қаладағы орта мектептердің, сондай-ақ колледждер мен жоғары оқу орындарының педагогтарымен және оқытушыларымен кездесті.
-
Елордадағы көші-қон ХҚКО-сы жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 қарашадан бастап елордада жұмыс істейтін еңбек мигранттары Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы тиісті рұқсат құжаттарын ала бастады.
-
Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Тәуелсіздік күнімен құттықтады.
-
Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың жаңа маусымы Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясының жаңа нұсқасымен ашылды.
-
«Даму» қоры 509 жобаны субсидиялады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуды ынталандыру жөніндегі шараларды іске асырудың оң макроэкономикалық әсері туралы баяндады.
-
Алматыда «Ел үміті» жобасының үздік қатысушылары марапатталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Тұңғыш Президент қорының «Ел үміті» жобасы аясында жүзеге асырылған «Елбасы медалі» бағдарламасы мен «Ел Мақтанышы» сыйлығының жеңімпаздарын марапаттады. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мамин жыл соңындағы тапсырмаларын берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Премьер-министр Асқар Мамин «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру мен жергілікті қамтуды арттыру жөнінде тиісті ведомство басшыларына тапсырма берді.
-
Таудан табылған ер адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Мамин мен Есімов бір-біріне тілекті жаудырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ АҚ басқарма төрағасы Ахметжан Есімов 70 жасқа толды. Мерейтой иесін Үкімет отырысынде премьер-министр Асқар Мамин құттықтады.
-
Дайын, өңделген тауар өндірісінің өсуіне байланысты импорттың үлесі төмендейді – Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуды ынталандыру жөніндегі шараларды іске асырудың оң макроэкономикалық әсері туралы баяндады.
-
Жергілікті қамту көрсеткіші былтырға қарағанда 2 есе артқан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.
-
Алматыда жатақхана өртенді
Алматы, BAQ.KZ. Өрт Жетісу ауданындағы Ангарская көшесінде болған. Бұл туралы алматы ТЖД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
КВИ белгілері бар пневмонияның 22 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 2020 жылғы 15 желтоқсанда тіркелген коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония бойынша ақпарат жариялады.
-
COVID-19. 239 науқастың жағдайы нашар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 15.12.2020 күнге арналған коронавирустық инфекциямен ауырғандарға қатысты ақпарат жариялады.
-
11 айда 1666 жаңа жоба іске қосылды – Мырзахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.
-
Қазақстанның зейнетақы реформалары: Өзгерістер мен нәтижелер
Қазақстанның зейнетақы жүйесі қалай құрылған?
-
Әскери қызметшілер марапатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ел Президентінің Жарлығымен Қарулы Күштерде барлығы 45 әскери қызметші наградталды.
-
Adidas пен Puma компаниялары туралы не білесіз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Puma және Аdidas компанияларының иелері ағайынды Адольф (adidas) және Рудольф (puma) Дасслерлер екенін көбісі біле бермейді. Бұл туралы Oinet.kz жазды.
-
914 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 914 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, coronavirus2020.kz.
-
Өткен тәулікте 661 адамнан коронавирус расталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 661 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Еліміздің екі қаласында ауа ластануы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мамандары 15 желтоқсан күні Қазақстан қалаларында ауа сапасы қандай болатынын жариялады.
-
2020 жылы қанша адам өзге елге қоныс аударды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жыл басынан бері Қазақстаннан қанша адам кеткенін мәлімдеді.
-
Торғайда келіншек қасқырдың жемтігіне айнала жаздады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Торғай өңірінде 28 жастағы келіншекке қасқыр шапты. Түз тағысы әйелге тап беріп, қарын тұсынан тістеген. Абырой болғанда, келіншек аман қалды. Мұны жергілікті әкімдік өкілдері растады, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.
-
Теңіз кен орнына заңсыз кірмек болғандар ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атырау облысы Жылыой ауданының Теңіз полиция бөлімшесінің қызметкерлері кен орнына блок-бекетті айналып өтуге тырысқан бір топ адамның жолын кесті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қызылордада газ баллоны жарылып, 3 адам ауруханаға жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысы Қазалы ауданында жеке тұрғын үйде газ баллоны жарылды. Оқиға салдарынан 3 адамды күйік шалды, деп хабарлайды Қызылорда облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Наверх