Adidas пен Puma компаниялары туралы не білесіз?

15 Желтоқсан 2020, 08:52
1576
Бөлісу:
Adidas пен Puma компаниялары туралы не білесіз?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Puma және Аdidas компанияларының иелері ағайынды Адольф (adidas) және Рудольф (puma) Дасслерлер екенін көбісі біле бермейді. Бұл туралы Oinet.kz жазды.

- Ағайындылар бір-біріне жау болған. Олар ешқашан бірікпейтін;  

- Олардың компаниялары бір жолда бір-біріне қарама-қарсы орналасқан;  

- Екі компанияда жұмыс жасайтын адамдар да бір үстелдің басында отырмайтын;

- Бұл қалада тұратын тұрғындар таныс емес адамды көргенде ең әуелі аяқ киімге мән береді. Сол арқылы олар адамның бейтаныс немесе өздерінікі екендігін біледі;

- Ағайындылар бірнеше рет құпия кездесулер өткізсе де, олар ешқашан татуласқан емес. Көп ұзамай Рудольфқа өкпе қатерлі ісігі диагнозы қойылды, ол қайтыс болмай тұрып, діни қызметкер Адольфқа қоңырау шалып, келуін өтінді, Адольф одан бас тартты. Ол ағасының жерлеу рәсіміне келмеді, бірақ төрт жылдан кейін ол инсульттан көз жұмды;  

- Ағайындылар туған жерінде, бір зиратта жерленді, енді олардың жанжалына не себеп болғанын ешкім білмейді. Ал 2016 жылы осы оқиға туралы фильм түсірілді.


Өзгелердің жаңалығы