11 айда 1666 жаңа жоба іске қосылды – Мырзахметов

15 Желтоқсан 2020, 09:29
1528
Бөлісу:
11 айда 1666 жаңа жоба іске қосылды – Мырзахметов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов бүгінгі Үкімет отырысы барысында айтты.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша 11 айдың ішінде пандемия кезіндегі қиындықтарға қарамастан, 1666 жаңа жоба қосылды. Бұл бағдарлама барлық бағдарламалар ішінде инвестициялық құрамы бар бағдарлама болып саналады. 696 млрд 788 млн сомаға ашылған, ол 69%-ды құрайды. Жаз мезгілінде Мемлекет басшысының тапсырысымен бағдарлама 600 млрд-тан 1 трлн-ға дейін көтерілген. Субсидия алынған жобалар көлемі 444 млрд (44%) құрап отыр. 250 млрд-тан астам қолданылған жобалар мен субсидия алған жобалар арасында арақашықтық бар. Бұл бағытта банктермен, жергілікті өңірлік жобалық кеңселермен жұмыс бақылауға алынған. Жаңа жобаларды іске асыруда көшбасшы өңірлер – Түркісан, Қостанай, Шығыс Қазақсан облыстары болса, субсидияланған жобаларда Алматы, Шымкент қалалары мен Жамбыл облысын алда келеді. Көрсеткіші төмен аймақтар қатарында Қызылорда және Атырау облысы, - деді ол.

Абылай Мырзахметов төрт бағыттан тұратын «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасының бағыттарындағы жағдайына да тоқталды.

Бағдарламаның 400 млрд-ы өңдеу саласына арналған. Мұнда көрсеткіш жақсы, 326 млрд-тан асатан жобалар қабылданған, ол 81,6%-ды құрайды. Ауыл шаруашылығы саласына 300 млрд қаржы бөлінген, мұнда 139,9 млрд (75%) жобасы қаралған. 270 млрд ауыл шаруашылық шикізатын өндіруге бөлінген, мұндағы көрсеткіш – 46,2%. Бұл көрсеткіштің төмен болуы кепілдік мәселесіне байланысты болып отыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы