Таудан табылған ер адам қайтыс болды

15 Желтоқсан 2020, 10:19
1279
Бөлісу:
Таудан табылған ер адам қайтыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Құтқарушылар зардап шеккен адамды тапқан сәттен бастап, жедел медициналық жәрдемге табыс еткенге дейінгі тасымалдау уақыты шамамен бес сағатты құрады, - делінген ақпаратта.

Зардап шеккен адам табылған кезде жағдайы өте ауыр болған. 

Сағат 20:45-те Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары зардап шеккен 1985 жылы туған ер адамды Күмбелсу өзенінің көпірінде күтіп тұрған жедел медициналық көмек бригадасы мен Апаттар медицинасы орталыының қызметкерлеріне тапсырды. Екінші іздеу-құтқару тобында болған Апаттар медицинасы орталығының дәрігері ер адамның қайтыс болғанын анықтады, - деп хабарлады ТЖМ ресми өкілі Талғат Уәли.

Еске сала кетейік, кеше құтқарушылар Іле Алатауы тауларында жоғалып кеткен ер адамды тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы