Сайлау кезінде санитарлық талаптар қалай сақталады?

15 Желтоқсан 2020, 15:55
2255
Бөлісу:
Сайлау кезінде санитарлық талаптар қалай сақталады?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі және мәслихаттары депутаттарының кезекті сайлауына аз уақыт қалды. Саяси науқанда «Ақ жол» Қазақстанның демократиялық партиясы, «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы, «ADAL» («Бірлік») саяси партиясы, Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы, Қазақстанның Коммунистік халық партиясы және «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттарын сайлауға қатыса алады

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттардың депутаттарын сайлауды ұйымдастыру және өткізу кезінде халық арасында CОVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі - бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов қаулы шығарған болатын. Қаулыға сәйкес, сайлау алды үгітті жүргізу кезінде COVID-19 коронавирустық инфекциясы таралуының алдын алу жөніндегі шаралар бекітілетін болады.

Яғни, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлері облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және республика астанасының аумақтық сайлау комиссияларымен бірлесіп өңірлердегі санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, сайлау процесінің санитариялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуі керек. 

Аталмыш Қаулыға сәйкес, сайлау процесінің барлық қатысушылары бір рет қолданылатын медициналық немесе қорғаныш маскаларын, қолғаптарды кию режимін міндетті түрде сақтауы, қолды дезинфекциялау үшін антисептикалық құралдарды пайдалануы, адамдар арасында бір-бірінен кемінде 1,5-2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтауы, қол алысуды немесе тікелей байланыстың басқа да түрлерін болдырмауы қажет. 

Сонымен қатар, сайлау алды үгіт іс-шараларын теледидар, радио, баспа басылымдарын, интернет-ресурстарды пайдалана отырып, онлайн режимде өткізу ұсынылады. Сайлау кампаниясы үшін арнайы дайындалған тегін баспа материалдарын, оның ішінде иллюстрациялық материалдарды, сондай-ақ белгішелерді, жалауларды, жалаушаларды таратуды бір рет қолданылатын қолғаптарды және қорғаныш маскаларын пайдалана отырып жүзеге асыру қажет.

Сайлау алды көпшілік іс-шараларын және үй-жай ішінде сайлаушылармен жеке кездесулерді өткізу кезінде әлеуметтік қашықтықты мүлтіксіз сақтау үшін жеткілікті кең үй-жайларды пайдалануды, іс-шараға қатысушылардың температурасын үй-жайға кіреберісте байланыссыз бақылауды, үй-жайға кіреберісте және үй-жай ішінде қолды дезинфекциялауға арналған құралдарды пайдалануды, жуу құралдарын қолдана отырып, үй-жайды және барлық жұмыс беттеріне ылғалды жинау жүргізуді, дезинфекциялауды, жасанды желдету жүйесі болмаған жағдайда үй-жайға тұрақты желдету жүргізуді, ғимараттың техникалық мүмкіндіктері болған кезде үй-жайға бөлек  кіретін және шығатын жолдарды, КВИ-дың профилактикасы шараларын сақтау туралы ақпараттық материалдарды орналастыруды, үй-жайға кіреберісте және үй-жай ішінде қашықтық белгілерін орнатуды, қатысушыларды әлеуметтік қашықтықты сақтай отырып отырғызуды қамтамасыз ету қажет, - делінген Қаулыда.



Өзгелердің жаңалығы