Өлім-жітім айтарлықтай төмендеді – Алматы реаниматологі

15 Желтоқсан 2020, 19:56
1527
Бөлісу:
Өлім-жітім айтарлықтай төмендеді – Алматы реаниматологі

Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасының штаттан тыс бас реаниматолог-анестезиологі Тілеуберді Қуандықов Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында созылмалы аурулары бар және егде жастағы адамдардағы COVID-19 ауруы ағымының ерекшеліктері туралы айтты.

Қуандықов пандемия басталғалы бері Алматыда 17 мыңнан астам жағдай тіркелгенін атап өтті.

Егер пандемияның басында пневмониямен ауыратын «реанимациялық» науқастардың көбі жастар болса, бүгінгі таңда реанимацияға КВИ-мен келетін науқастар - жүрек жеткіліксіздігі, тыныс алу жеткіліксіздігі, бүйрек жеткіліксіздігі және инсульт сияқты көптеген созылмалы ауруы бар, 65 жастан асқан пациенттер. Мынандай жағдайларда кездеседі, мысалы, науқас бұрыннан бар ауыр ауруымен клиникаға түседі, ал оны тексеру кезінде COVID-19 инфекциясы кездейсоқ анықталады, - деп бөлісті реаниматолог.

Оның айтуынша, реанимация бөліміне түсетін науқастардың жартысынан көбі үйлерінен «жедел жәрдем» көлігімен жеткізіледі және көбінің жағдайы аса ауыр болады.  

Біз тікелей «үйлерінен» аса ауыр жағдайда түсетін науқастардың жартысынан көбінің ауруханаға келгенге дейін өз бетінше емделіп, дәрігерге мүлде жүгінбегендерін анықтадық, - деді Қуандықов. 

Сонымен бірге ол реанимация бөлімдеріндегі науқастардың орта есеппен 15-20%-ының жағдайлары ауыр және тұрақсыз болатынын, оның ішінде өліммен аяқталатын жағдайлар да байқалатынын атап өтті. 

Бүгінгі таңда өлім-жітім айтарлықтай төмендеді және ең төменгі көрсеткіштерді көрсетіп тұр. Бүгінгі күні біз «жоғалтып отырған» науқастар - бұл көптеген аурумен қатар ауырып, теңгерілмеген күйде жүретін науқастар. Оларға жүрек аурулары бар; қант диабеті; бауыр циррозы; химиотерапиядан бірнеше рет өткен онкологиялық науқастар; иммундық тапшылығы бар науқастар жатады. Негізінен, қайтыс болған науқастар қарттар, жастары кәрі және ұзақ өмір сүретін адамдар. Соңғы айларда қайтыс болған жас және орта жастағы науқастардың саны мен үлесі күрт төмендеді. Мұны оң тренд ретінде атап өтуге болады, - деп қорытындылады спикер.

Ол біздің қаламызда коронавирустық инфекцияның таралуы мен оны емдеу нәтижелері бойынша ең қолайсыз кезең маусым айының соңынан шілде айына дейінгі уақыт болғанын еске салды. Сол кезеңде тіркелген науқастар, оның ішінде ауыр науқастар көп болды. 

Бүгінде жағдай бақылауда. Алматыда қажет болған жағдайда коронавирустық инфекциясы бар науқастарды қабылдау үшін қайта бейінделуі мүмкін деген 11 стационар анықталды. Аталған стационарларда жалпы саны 250 төсек-орынға арналған жансақтау бөлімшелері ашылған. Жұқпалы аурулар ретінде анықталған стационарларда реанимациялық науқастарға арналған 100 төсек іске қосылған, қалған 150 төсек бүгінгі күні инфекцияның болуы мүмкін екінші толқынна резервте тұр.

Өзгелердің жаңалығы