Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

15 Желтоқсан 2020, 11:00
2316
Бөлісу:
Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кеше астанада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың жаңа маусымы Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясының жаңа нұсқасымен ашылды.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің орынбасары Бахтияр Мәкен мен зиялы қауым өкілдері Қ.Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыка драма театрының XXX маусымашарына қатысты. 

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

Биыл театр маусымы қалыптасқан дәстүр бойынша Мұхтар Әуезовтің «Абай» трагедиясының жаңа нұсқасымен ашылды. Қоюшы режиссері – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ә.Оразбеков. 

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

Халқымыз ежелден мұқтаж жандарға көмек көрсетіп, кіріптарға қайыр беріп, қарттарды құрметтеуді, қолдап, қорғауды әрбір адамның адамгершілік борышы санап келген. Осы ретте театр ұжымы да XXX маусымды қайырымдылық іс-шарасымен бастап отыр. 

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

Премьера 15-16 желтоқсан аралығында сағат 19:00-де өтеді. 

Елордада Қалибек Қуанышбаев атындағы театрдың маусымашары өтті

Айта кетейік, жаңа ғимаратқа көшкен 30 жылдық тарихы бар театр Елбасы Н.Назарбаевтың тапсырмасымен салынған. 26 қарашада Нұрсұлтан Әбішұлы жаңа театр ғимаратына келіп, шығармашылық ұжыммен кездескен болатын.

Өзгелердің жаңалығы