Дайын, өңделген тауар өндірісінің өсуіне байланысты импорттың үлесі төмендейді – Дәленов

15 Желтоқсан 2020, 10:04
2323
Бөлісу:
Дайын, өңделген тауар өндірісінің өсуіне байланысты импорттың үлесі төмендейді –  Дәленов

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуды ынталандыру жөніндегі шараларды іске асырудың оң макроэкономикалық әсері туралы баяндады.

Министрдің айтуынша, соңғы үш жылда дайын, өңделген өнім өндірісінің айтарлықтай өсуі байқалады. Мәселен, «Қарапайым заттар экономикасы» салаларында өнім шығару көлемі 2018 жылғы 8,9 трлн теңгеден 2019 жылы 10,1 трлн теңгеге дейін өсті. Ағымдағы жылы өсу жалғасты. Сонымен бірге, 10 айда нақты көлем индексі 104%-ды құрады. Дайын, өңделген өнімді шығару қарқынды дамып келеді.

Дайын, өңделген тауар өндірісінің өсуіне байланысты импорт үлесі төмендейді. Тұтынуда қазақстандық тауарлар өндірісінің үлесі өсуде. Осылайша, 2020 жылы отандық өнім өндірісінің үлесі 2,5 проценттік тармаққа өсті, - деді Дәленов. 

ҚР ҰЭМ дерегінше, азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары, жеңіл өнеркәсіп өнімдері, жиһаз, машиналар мен жабдықтар өндірісі өсті. Соңғы 2 жылда өнімнің бірқатар түрі бойынша өсім екі мәнді көрсеткіштерге, ал жекелеген түрлері бойынша – 1,5-2 есеге жетті. Ағымдағы жылы өндірістің өсу қарқыны жалғасты.

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасын іске асыру дайын және өңделген өнімнің өсуімен сүйемелденеді. Биыл аталмыш бағдарламаны жетілдіру бойынша бірқатар шара қабылданды. Біріншіден, кепілдіктерді қамтамасыз ету бойынша берілетін мемлекеттік кепілдік мөлшері ұлғайтылды. Кепілдік беру мерзімі екі есеге қысқартылды және әр өнеркәсіптік кешен өндірісі жобалары үшін кепілдік беру көзделген. Екіншіден, бағдарлама мерзімін 2021 жылдың соңына дейін ұзарта отырып, кредиттеудің жалпы көлемі 1 трлн теңгеге ұлғайтылды. Кредиттеуді ұлғайту үшін әрбір екінші деңдейдегі банктер лимиті арттырылды. Үшіншіден, кредиттеуді ұлғайту мақсатында экономикалық қызмет түрлері кеңейтілді. «Қазақстан Даму банкі» АҚ арқылы өңдеуші өндірістерді қаржыланыру ұлғайтылды, - деді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы