«Абай жолы» литва тілінде жарық көрді

15 Желтоқсан 2020, 14:08
1707
Бөлісу:
«Абай жолы» литва тілінде жарық көрді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Литвада «Абай жолы» және «Ұстаздың оралуы» романдары литва тілінде жарық көрді, деп хабарлады СІМ баспасөз қызметі. 

Мұхтар  Әуезовтің литва тілінде қайта басылып шыққан «Абай жолы» роман-эпопеясының және Әнуар Әлімжановтың «Ұстаздың оралуы» повесінің тұсаукесері өтті.

Бейнеконференция форматында өткен тұсаукесерге Абай атындағы Шығыс Қазақстан облыстық әмбебап кітапханасы мен әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың баспа үйінің басшылығы, А. Мицкевич атындағы Вильнюс облыстық қоғамдық кітапханасының және Е. Симонайтите атындағы Клайпеда облыстық қоғамдық кітапханасының директорлары, Литва қауымдар үйі және Литва журналистер одағының төрағалары, Литваның ірі жоғары оқу орындарының, қазақ диаспорасының, сондай-ақ Литваның БАҚ өкілдері қатысты.

«Абай жолы» литва тілінде жарық көрді

Тұсаукесерді ашқан Қазақстан Елшісі Виктор Темірбаев аталған екі шығарма Қазақстан Ұлттық Академиялық кітапханасымен елімізде жалпыға ортақ оқуға арналған жылдың бас кітаптар ретінде танылғанын баяндап өтті. Осыған орай, литвалық оқырмандар Абай Құнанбайұлының бірегей әлемін және «Екінші ұстаз» Әбу Насыр әл-Фарабидің мұрасын ана тілдерінде аша алатынын қанағаттанушылықпен атап өтті.

Іс-шараға қатысушылар Қазақстандық көркем әдебиеттің екі жауһары литвалық оқырмандардың қазақ халқының мәдениеті мен тарихы, оның жаны мен тағдыры туралы түсінігін кеңейтуге ықпал ететініне сенім білдірді.

А. Мицкевич атындағы Вильнюс облыстық қоғамдық кітапханасының директоры Эмилия Банионите «Абай жолы» романының Литва тіліндегі жаңа басылымы биыл күзде аталған кітапханада ашылған Абай атындағы оқу залының інжу-маржаны болатынын атап өтті.

«Абай жолы» романының қайта басылып шығу тарихын еске ала отырып, литвалық баспагер Айдас Жандарис көрнекті қазақстандық суретші Евгений Сидоркиннің әлуетіне романның алғашқы басылымына 1960 жылы арнайы жасалған атақты графиктің түпнұсқалы иллюстрацияларын кітапта қолдану мүмкіндігі үшін алғысын білдірді.

Шығарылған кітаптар Литваның барлық облыстық және басқа да ірі кітапханаларына сыйға беріледі, олардың бірқатарында қазірдің өзінде қазақ әдебиетінің «бұрыштары» қалыптасқан.

Сонымен қатар, 2021 жылы қазақ классиктері еңбектерінің кезекті тұсаукесері өңірдегі ең ірі, жыл сайынғы «Vilnius Book Fair» кітап көрмесінде жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы