Қостанай облысында карантин шектеулеріне өзгеріс енгізілді

15 Желтоқсан 2020, 17:15
1148
Бөлісу:
Қостанай облысында карантин шектеулеріне өзгеріс енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің 5 қарашадағы № 54 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.

Бұл туралы Қостанай облысының Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті хабарлады.

Қостанай облысының тұрғындары арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2020 жылғы 07 шілдедегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 9, 36, 102, 104 және 107-баптарына сәйкес (бұдан әрі-COVID-19), «Пайда болу және таралу қаупі төнген кезде шектеу іс-шаралары, оның ішінде карантин енгізілетін инфекциялық аурулар тізбесін бекіту туралы» Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 ақпандағы № 130 бұйрығына және» Қазақстан Республикасының халқы арасында коронавирустық инфекция ауруларының алдын алу жөніндегі шараларды одан әрі күшейту туралы «Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 57, «Шектеу карантиндік шаралары және оларды кезең-кезеңімен жеңілдету туралы «2020 жылғы 23 қазандағы № 58 қаулыларымен және COVID-19 жағдайларының көп санының тіркелуіне байланысты шектеу іс-шараларын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 239 бұйрығына сәйкес қаулы етемін, - делінген құжатта.

Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің «Шектеу карантиндік шараларын қатаңдату туралы» 2020 жылғы 5 қарашадағы № 54 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілді:

1. Күшейтілген санитариялық -эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып және жұмыс кестесін сағат 09:00-ден 22:00-ге дейін (алдын ала жазылу бойынша) белгілей отырып, аквапарктер мен термопарктердің жұмысына рұқсат беріледі (бір келушіге бір мезгілде келушілердің жобалық сыйымдылығынан 30%-дан аспайтын қатысуымен 5 ш. м. есебінен), жексенбі күндері қызметі тоқтатылады.

2. Қоғамдық көліктің қауырт уақытта желіге барынша шығуымен, отыратын орындардың саны бойынша толтырылуымен, соңғы аялдамада дезинфекциялық құралдармен міндетті түрде өңделуімен, барлық есікті ашумен, жұмыс күндері сағат 06:00-ден 23:00-ге дейін қорғаныш маскаларынсыз қоғамдық көлікке жолаушыларды жіберумен, жексенбі күндері тоқтата тұрумен қалалық қоғамдық көліктің жұмысына рұқсат беріледі, «ССКБК» АҚ жұмыскерлерін тасымалдайтын Рудный қ. № 1, 2, 6, 7, 8, 10, 11, 29, 200 маршруттар бойынша автобустарды қоспағанда, демалыс күндері жүру уақыты сағат 5:00-ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 01-00-ге дейінгі аралықта белгіленді.

3.  Азық-түлік дүкендері мен дәріханаларды қоспағанда, демалыс және мереке күндері жұмысты тоқтата отырып, күшейтілген санитариялық-дезинфекциялық режимді сақтай отырып, 1 келушіге 30%-дан аспайтын, кемінде 4 ш.м. толтырумен, азық-түлік емес тауарларды сағат 10:00-ден 22:00-ге дейін өткізу бөлігінде сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметіне рұқсат беріледі. Алайда кинозал, ойын-сауық орталықтардың жұмысына рұқсат берілмейді.

Бұл ретте алаңы 2000 шаршы метрден астам азық-түлік емес сауда объектілерінің, оның ішінде азық-түлік дүкендері мен дәріханалардағы сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысы жексенбі күндері тоқтатылады.

4. Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды сақтаумен және жұмыс күндерін сағат 9:00-ден бастап 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, қоғамдық моншлардың сауналардың жұмысына (қатаң түрде алдын ала жазылумен) рұқсат беріледі (бір келушіге 4 ш.м есебінен, жобалық сыйымдылықтан келушілердің бір уақытта 30%-дан асырмау).

5. Жұмыс күндері сағат 08:00-ден 22:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, бір келушіге 30%-дан аспайтын және кемінде 5 ш. м. толтырылуын қамтамасыз ету кезінде жабық спорт объектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, фитнес-орталықтардың спорттық-сауықтыру орталықтары және басқалар) жұмысына рұқсат беріледі. Алайда демалыс күндері жұмысы тоқтатылады.

6. Үй-жайларда қоғамдық тамақтандыру объектілерінің қызметіне бір мезгілде 30-дан аспайтын келуші болған жағдайда, 1 үстел басында 4 адамнан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метр, жұмыс күндері жұмыс режимін белгілей отырып, сағат 08:00-ден 23:00-ге дейін, салтанатты, отбасылық, естелік, ұжымдық іс-шаралар өткізбей, ҚР БМСД №57 қаулысының талаптарын сақтай отырып рұқсат беріледі.

7. Бассейндердің қызметіне алдын ала жазылу бойынша, жеке форматта, су айнасының 5 шаршы метр есебінен 1 адамға, сағат 9:00-ден 22:00-ге дейін ҚР БМСД № 57 қаулысының талаптарын сақтай отырып рұқсат беріледі, ал демалыс және мереке күндері қызметі тоқтатылады.

8. Күшейтілген санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық шараларды сақтай отырып, жұмыс күндері және демалыс күндері сағат 10:00-ден 19:00-ге дейін жұмыс кестесін белгілей отырып, азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың, оның ішінде жабық базарлардың жұмысына рұқсат етілді. Жексенбі күндері жабық азық-түлік және азық-түлік емес базарлардың жұмысына тыйым салынады.

Осы қаулының орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын. Осы қаулы 2020 жылғы 15 желтоқсан сағат 24:00-ден бастап күшіне енеді, - делінген Қостанай облысының бас мемлекеттік санитарлық дәрігер В. Нечитайлоның қаулысында.

Өзгелердің жаңалығы