2021 жылдан бастап студенттерге стипендия университет арқылы төленбеуі мүмкін

15 Желтоқсан 2020, 12:50
12967
Бөлісу:
2021 жылдан бастап студенттерге стипендия университет арқылы төленбеуі мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрлігінің онлайн аппарат жиналысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Магистратураға қабылдауда жаңа форматта өткіздік. Бұл да көп мәселені шешіп берді. Келесі жылы PhD докторантураға қабылдау тәртібін де электронды форматқа ауыстыруға дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өйткені PhD-ге қабылдауға да шешілмеген проблемалық сұрақтар бар, - деп атап өтті Білім басшысы.

Сонымен қатар, аппарат жиналысы барысында министр оқытушыларды, ұстаздарды жұмысқа қабылдау процедурасында да тиісті деңгейге жеткізіп, цифрландыру бойынша жақсы ұсыныс жасалғанын айтты. 

Стипендия төлеу жүйесін өзгерту бойынша нақты шараларды қабылдап жатырмыз. Тиісті нормативтік-құқықты актілерді қабылдағаннан кейін келесі жылдан бастап осы жүйеге көшеміз. Яғни университеттер арқылы стипендия төленбей, әр студентке тікелей төленетін жүйеге көшуіміз қажет. Ол бойынша тиісті шаралар қабылдануда, - деп жеткізді ол.

Министрдің сөзінше, басқа да проблемалық сұрақтар бар. Айтылған ұсыныстар бойынша тиісті зерттеу, талдама жұмыстары жүргізіледі. Кейін нақты шараларды бекітіп, қалай да осы проблеманы шешуді тапсырды.



Өзгелердің жаңалығы