Астанадағы құлаған көпір келесі жылы жөнделеді

15 Желтоқсан 2020, 21:21
1821
Бөлісу:
Астанадағы құлаған көпір келесі жылы жөнделеді
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. №2 жол өткелін қалпына келтіру жұмыстары 2021 жылы аяқталады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов өзінің "Инстаграм" парақшасында жазды.

Астанадағы құлаған көпір келесі жылы жөнделеді

№2 жол өткелін қалпына келтірумен айналысып жатырмыз. Бұған дейін көпірге кешенді тексеру жүргізуді тапсырдым. Техникалық қорытынды көпірдің бір бөлігі авариялық жағдайда екенін көрсетті: жүк көтергіштігі мен пайдалану мерзімін төмендететін ақаулар бар. Қазіргі уақытта 60-тан астам арқалықтар бөлшектелді. Жолды қалпына келтіру процесі көп уақытты қажет ететін процесс – деді ол.

Астанадағы құлаған көпір келесі жылы жөнделеді

Оның сөзіне қарағанда, бұл қала тұрғындары үшін көпір бойынша қауіпсіз қозғалысты тудырады.

Астанадағы құлаған көпір келесі жылы жөнделеді

Атқарылған жұмыстарға байланысты, бұл қала тұрғындары үшін көпір бойынша қауіпсіз қозғалысты тудырады, жол өтпесінің авариялық бөлігінің оң жағы жабылды. Автокөлік құралдарының қозғалысы көпірдің сол жағында ұйымдастырылған. Жұмыстарды 2021 жылы аяқтауды жоспарлап отырмыз, - деп жазды Алтай Көлгінов.
Өзгелердің жаңалығы