Сабын ішіндегі «сәлемдеме»

15 Желтоқсан 2020, 19:31
1582
Бөлісу:
Сабын ішіндегі «сәлемдеме»

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты ЖД-158/7 мекемесі қызметкерлерінің және 5513 әскери бөлімінің бақылау тобының жедел ақпараты негізінде, түзеу мекемесіне «Қазпошта» арқылы тыйым салынған затты жөнелтуге әрекеттенген азаматшаның қитұрқы ісі әшкере болды. 

Сабынының ішіне жасырылған «сәлем-сауқатты» ашу кезінде INOI-102 маркалы ұялы телефоны табылып, тәркіленді. Бұдан бөлек байланыс операторының 1 sim-картасымен USB бауы анықталған. 

Қазіргі таңда Қазпошта арқылы сәлемдеме жіберген азаматшаның анықталуда. Аталған заңбұзушылыққа байланысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік құжаттар толтырылып, сотқа жіберілмек.

Өзгелердің жаңалығы