Сұлтанов: Тәуелсіздік – бұл елдің өз даму жолын анықтау мүмкіндігі

15 Желтоқсан 2020, 15:29
1540
Бөлісу:
Сұлтанов: Тәуелсіздік – бұл елдің өз даму жолын анықтау мүмкіндігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов қазақстандықтарды Тәуелсіздік күнімен құттықтады.

Баршаңызды келе жатқан айтулы мереке - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймын!

29 жыл бұрын Қазақстан мүлде жаңа тарихи кезеңді бастады. Қазақстанның Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев айтқандай: «біз - ұлт өрлеуінің қазақстандық дәуірінің негізін қалаушыға әрі тұңғыш ізашарына айналдық». Бабаларымыз ұмтылған аңсарлы мақсат – Тәуелсіздікке біздің ұрпақ қол жеткізді.

Мен теледидардан алғаш рет туымыздағы күн астында қос қанатын жайып, қалықтаған бүркітті көрген сезімім әлі есімде. Бұл 1992 жылдың жазында Барселонадағы Олимпиада ойындарының эфирі болатын. Сол кезде Дәулет Тұрлыханов қола медальге ие болғанда, Қазақстанымыздың жеңіс туы желбіреді. Осындай толқулы сәтте қазақстандықтарда, әсіресе жастар арасында егемендік туралы түсінік қалыптасқан шығар. «Елдің тәуелсіздігі бар» деп айту және оны іс жүзінде қамтамасыз ету екі бөлек ұғым. Тәуелсіздік-бұл мемлекеттің шекарасы ғана емес, бұл елдің өз даму жолын өз бетінше анықтау мүмкіндігі. Бұл қол жетімді, әрі сапалы білім беру, денсаулық сақтау жүйелері, көлік жолдары. Бұның бәрі бізбен сіздің күнделікті әлеуметтік өмірімізді құрайды, - деді Сұлтанов.

Қазір әдетті болып көрінетін өміріміз мемлекет құрылуының ең қиын жылдарында қалыптасқан, деді ол.

Біздің министрлікте «Болашақ» халықаралық стипендиясының 22 түлектері бар.  Сауда және интеграция министірлігінің үш бірдей вице-министрі- Болашақ түлектері. Стипендиаттар ҚР СИМ-нің екі департаментті басқарады, департамент директорларының орынбасарлары, басқарма басшылары, бас сарапшылар болып жұмыс істейді. 

Ал халықаралық стипендияның өзі Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің таңында - 1993 жылы - экономикалық тұрғыдан ең қиын жылдары белгіленді. Әрбір доллар есепте тұрған кезде, жас Республикаға жоғары білікті кадрлар қажет болғандықтан, Елбасы тапшы валютаны жастарды шетелде оқытуға жұмсау туралы шешім қабылдады.

"Құдай сізді өзгеріс дәуірінде өмір сүруден сақтасын" деген қытайлықтардың нақыл сөзі бар. Қазақстан үшін өзгерістер дәуірі күрделі де ауыр болды. Бірақ ол біздің бүгінгі дамуымыздың іргетасын қалады. Небәрі 27 жыл бұрын Қазақстанда алғаш рет жеке меншік құқығы танылған болатын, ал қазір біз бүкіл экономиканың үштен бір бөлігін шағын және орта кәсіпорындар – жеке бизнес құрайтыны туралы айтып отырмыз, - деді ол.

Қазақстанның тәуелсіздігінде ұмытуға келмейтін тағы бір маңызды жетістігі - бейбітшілік. 

90-шы жылдары, көптеген посткеңестік республикалардың аумағында азаматтық соғыстар өршіп, көршілес мемлекеттер өзара дін, ұлт және билік үшін болған көтерілістер кезеңі еді. Біздің еліміз, түрлі этникалық мәдениеттердің топтарын бір-бірімен өзара үндесуі арқылы, қантөгістен аман қалды. Бұл біздің Тұңғыш Президентіміздің еңбегі. Ол Қазақстан халқын біртұтас ұлтқа біріктіріп, этностық қатыстылығына, діни сеніміне, әлеуметтік мәртебесіне қарамастан адамның жеке басына деген құрметті қамтамасыз ете алды.

Бірліктің, тұтастықтың және рухтың беріктігінің арқасында біз алға ұмтыламыз. Коронавирустық дағдарыс міндетті түрде аяқталады және біздің алдымызда жоғалған уақыттың орнын толтырып, «Американы қуып жетіп, одан да асып түсу» міндеті тұр.

Баршаңызды еліміздің ең керемет, ең маңызды мерекесімен құттықтаймын! Әрқашан да Қазақстанымызбен шын жүректен мақтануға тілектеспін! - деді Бақыт Сұлтанов.


Өзгелердің жаңалығы