Алматыда жатақхана өртенді

15 Желтоқсан 2020, 09:47
1617
Бөлісу:
Алматыда жатақхана өртенді

Алматы, BAQ.KZ. Өрт Жетісу ауданындағы Ангарская көшесінде болған. Бұл туралы алматы ТЖД-нің баспасөз  қызметі хабарлады. 

ТЖ департаментіне жатақхананың өртеніп жатқаны туралы хабарлама 14 желтоқсан күні сағат 12:42 минутта келіп түскен. 

Өрт сөндірушілер келгенде 3 қабатты ғимараттың 1-қабатында орналасқан қойма жанып жатқан.  

Алматыда жатақхана өртенді

2-ші және 3-ші қабаттарда жатақхана орналасқан. Тұрғындардың көпшілігі үй-жайдан өздері шыққан, бірақ жатақхана дәлізіндегі жоғары температура мен қою түтіннен 1972 жылы туған тұрғын аяғының жарақатына байланысты  өздігінен сыртқа шыға алмай қалған.Өрт сөндірушілер зардап шегушіні құтқарып, ЖМЖ бригадасына табыстады,-делінген хабарламада. 
80 шаршы метр аймаққа жайылған қызыл жалын сағат 13:27 кезінде  тоқтатылды. 

Өртті сөндіруге жеке құрамнан 60-тан астам адам,  газ-түтіннен қорғау қызметінің 6 тобы және 15 бірлік техника жұмылдырылып, 5 өрт оқпандары жұмылдырылған. Өрттің 1920 шаршы метр аумақтағы ғимаратқа жайылуына және адамдардың жарақат алуына жол берілмеді.

Өзгелердің жаңалығы