Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

15 Желтоқсан 2020, 19:16
1834
Бөлісу:
Атырау облысы әкімінің орынбасары тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайрат Бекенов Атырау облысы әкімнің орынбасары болып тағайындалды.

Бүгін облыс әкімі Махамбет Досмұхамбетов активке жаңа орынбасарын таныстырып, жұмысына табыс тіледі, деп хабарлайды Атырау облыстық коммуникациялар қызметі. 

Атырау облысы әкімінің орынбасары Ержан Әбілханов өз еркімен жұмыстан кетуіне байланысты орынына Қайрат Бекенов облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды. 

Қайрат Асқарбекұлы Бекенов 1978 жылы 31 қазанда дүниеге келген. Қазақ мемлекеттік басқару академиясын «экономист» мамандығы бойынша, құқық және нарық академиясын «заңгер» мамандығы бойынша, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «Мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі» мамандығы бойынша бітірген. 

Әр жылдары Алматы қаласының салық инспекторы, ҚР Қаржы министрлігінің Үкіметтік қарыздарды тарту департаменті басқармасының бастығы, ҚР Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы болып жұмыс істеді.

Сонымен қатар Астана қаласы Сарыарқа ауданы әкімінің орынбасары, Қызылорда қаласы әкімінің орынбасары, Солтүстік қазақстан облысы әкімінің орынбасары, «Ақтөбе» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы АҚ Басқарма төрағасы лауазымдарын атқарды. Тағайындалғанға дейін Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген.

Өзгелердің жаңалығы