«Даму» қоры 509 жобаны субсидиялады

15 Желтоқсан 2020, 10:45
1321
Бөлісу:
«Даму» қоры 509 жобаны субсидиялады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов Үкімет отырысында «Қарапайым заттар экономикасын» дамытуды ынталандыру жөніндегі шараларды іске асырудың оң макроэкономикалық әсері туралы баяндады.
 

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде «Даму» қоры 509 жобаны субсидиялады, ең көп қаржыландырылған жобалар - азық-түлік өнімдері, құрылыс материалдары мен металл бұйымдары, пластмасса өнімдері, жиһаз және киім өндірісі салалары. «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы бойынша «Даму» қоры арқылы субсидияланған жобалардың кредиттік портфелі – 338,6 млрд теңгені құрайды. Кредиттік портфельдің негізгі үлесі өңдеу өнеркәсібіне тиесілі, - деді ол.  

Министр «Қарапайым заттар экономикасы» бойынша қолдаумен қамтылған кәсіпорындардың мониторингі оң динамиканы көрсететінін айтты. Ағымдағы жылы мұндай кәсіпорындар табысты сақтап қана қоймай, сәйкесінше төленген салық көлемін де арттыра алды. 

Осы жылғы кредиттеудің барлық бағдарламалары бойынша қаржылық қолдау көлемі айтарлықтай артты. Осылайша, қолдау көрсетілген кредиттік портфельдің сомасы 2 трлн теңгеге жетті және ол 34 мыңнан астам жобаны қамтиды, - деді Дәленов.
 

Өзгелердің жаңалығы