Жемқорлықпен ұсталған университеттер лицензиясынан айырылуы мүмкін

15 Желтоқсан 2020, 12:43
1433
Бөлісу:
Жемқорлықпен ұсталған университеттер лицензиясынан айырылуы мүмкін

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ тілшісі. Бүгін Білім және ғылым министрлігі фейсбуктегі ресми парақшаларында аппарат жиналысын өткізді. Онлайн жиналыста жоғары білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыру талқыланды.

«ADAL BILIM» аудиті жүргізіліп жатыр. Бұл аудитті келесі жылдың ақпан айының соңына дейін аяқтау қажет. Әрі қарай тиісті жоспарды бекітеміз. Сондай-ақ, жоғары оқу орындарында жемқорлық фактілерін болдырмау қажет. Бұл мәселені түбегейлі жоюға болады. Бүгінгі күні біраз университет оны жойды. Осы мәселеден аулақ жүрген университеттер де жоқ емес. Яғни университет басшысы қаласа, мұндай проблеманы жоюға болады. Сондықтан бұл оқу орнында қабылданған саясатқа байланысты. Егер кей ЖОО аталған мәселені жойып, кейбірі жоймаса, онда басқа сұрақ туындайды. «Неге?» деген сұрақ. Неге біреудің қолынан келеді? Неге басқаның қолынан келмейді? – деді Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.

Аппарат жиналысында жемқорлық фактісі анықталған ЖОО-ны тиісті бағыт бойынша лицензиясынан айыру ұсынысы жасалды.

Анықталған фактілер бойынша тиісті лицензияны бағыт бойынша тоқтату ұсынысы жасалды. Кейін тағы қайталанған жағдайда бағыт бойынша лицензияны қайтару нормасын зерттеу керек. Егер заң жүзінде бұл орындалатын және зерттеу бойынша дұрыс шешім болса, онда мұндай норманы қабылдауға дайынбыз. Өйткені «жемқорлықты ЖОО-да жою керек» деп айтқаныма қанша уақыт болды?! Дегенмен проблема бар. Оны түбегейлі шешуіміз керек. Тиісті бағыт бойынша проблема анықталып, лицензиядан айыру керек болса, онда бұл шешімді де біз қабылдауға дайынбыз, - деп атап өтті министр.



Өзгелердің жаңалығы