Мусин жемқорлықты азайтуға бағытталған цифрлық өнімдерді таныстырды

15 Желтоқсан 2020, 19:02
1443
Бөлісу:
Мусин жемқорлықты азайтуға бағытталған цифрлық өнімдерді таныстырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мен Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар, аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің бірлескен кеңесі өтті.

Кеңес барысында министрлік басшысы Бағдат Мусин сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға бағытталған цифрлық өнімдерді таныстырды. Атап айтқанда, биометриялық деректердің көмегімен электрондық үкімет порталында тіркелу. Осылайша, электрондық үкімет қосымшасында тіркелу үшін смартфондағы камера жеткілікті. Тұлғаны биометриялық сәйкестендіру пайдаланушыны тексеру сұрақтарын қою арқылы дербес анықтайды және тіркейді.

Аталған тетік электрондық-цифрлық қолтаңба және мобильді азаматтар базасында тіркелу қажеттілігін болдырмай, тіркеу процесін айтарлықтай жеңілдетеді.

Мусин жемқорлықты азайтуға бағытталған цифрлық өнімдерді таныстырды

Бұған дейін мен Мемлекет басшысына биометрияның көмегімен жыл соңына дейін тіркеу жобасын іске асыруға уәде берген едім, бүгін біз оны алғаш рет таныстырып отырмыз. Енді әрбір қазақстандық бір минут ішінде мобильді азаматтар базасында, Egov порталында тіркеліп, ЭЦҚ ала алады. Бұл процесті бір қадамға дейін жеңілдетумен қатар, жергілікті жерлерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтуға мүмкіндік береді. Өйткені, бәріміз білетіндей, жемқорлық төменнен басталады, - деп атап өтті Бағдат Мусин.

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерін оңтайландыруда және экономика салаларын цифрландыруда платформалық тәсіл таныстырылды.

Сонымен қатар, Министр Ақтөбе қаласында жер қатынастары саласын цифрландыруға бағытталған пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы айтты. Қазір Ақтөбе тұрғындары электронды үкімет порталындағы аукциондар арқылы жер телімдерін сатып ала алады. Болашақта бұл жобаны бүкіл елге кеңейту жоспарлануда.

Бағдат Мусин екінші деңгейлі банктермен (ЕДБ) және басқа компаниялармен бірлескен жобаларды ұсынды. Министр цифрландыруға монополия жоқ екенін және қазір жеке бизнес халыққа мемлекеттік қызметтерді ұсынуға қатысып жатқанын атап өтті, - делінген агенттіктің баспасөз хабарламасында.

Кеңес барысында тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою, қолайлы жағдай жасау, сондай-ақ Министрліктің ашықтығы мен есептілігін қамтамасыз ету мақсатында өткен жылдан бастап ашылған ҚР ЦДИАӨМ «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын атап өтті.

Өз кезегінде Агенттік өкілдері сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар және әрбір қызметкердің еліміздің игілігі үшін адал және парасатты еңбегінің маңыздылығы туралы айтып берді.

Мусин жемқорлықты азайтуға бағытталған цифрлық өнімдерді таныстырды

Мемлекеттік қызметшілердің парасаттылық идеологиясына еніп, шыншылдық пен әділдік сияқты қағидаттарға адалдығын іс жүзінде көрсете бастауы маңызды. Ең бастысы – оң өзгерістерге деген ниет пен ерік, - деді Алик Шпекбаев.

Оның айтуынша, министрлік цифрландыру саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою қажет уәкілетті орган ғана емес, сонымен қатар тиімді цифрлық құралдарды енгізу арқылы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау тұрғысынан барлық мемлекеттік органдардың стратегиялық серіктесі болып көрінеді.

Министрліктің барлық мемлекеттік қызметтерді цифрландыру есебінен адами факторды алып тастау жөніндегі міндетін ескере отырып, ведомствоның өзінің қағаз форматта мемлекеттік қызметтер көрсетуіне жол бермеуі аса маңызды болып табылады. Министрлік басқа мемлекеттік органдар үшін оның ашықтығы мен айқындылығы бойынша эталон болуы тиіс.

Кеңес соңында министрлікке қоғамның пікірлері мен үміттерін ескере отырып, тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жоюдың, парасаттылық қағидаттарын насихаттаудың және халықтың цифрлық сауаттылығын арттырудың нақты жоспарын құру ұсынылды.

Өзгелердің жаңалығы