Все новости за 10 қараша 2020
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Алимент төлемеген әкенің бас бостандығына шектеу қойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар облысы Ақтоғай ауданының прокуратурасы алимент төлеуден жалтарған 39 жастағы жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz.
-
ШҚО-да 67 млн теңгеге салынған су сору станциясы істемей тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонайха ауданы Первомай кентінде 67 миллион теңгеге салынған су сору станциясы істемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Түркістан қаласының аймағы ну орманға айналмақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазірде шаһарда жалпы алаңы 101 га құрайтын 24 саябақ, алаң және аллеялар бар.
-
Елордада «Сергек» камералары арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 43% азайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда 2017 жылдан бастап «Сергек» камералары жұмыс істейді.
-
ДДСҰ: Наурыз айында коронавирустың бетін қайтарамыз
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазір әлемде вирус жұқтырғандардың жалпы саны 50 млн 700 мыңнан асты. Қайтыс болғандар қатары 1 миллион 260 мыңға жетті. Әсіресе, індет кәрі құрлық пен Құрама штаттарда өрши түскен.
-
«Этножаңғыру» стандарттау жөніндегі ТК-ның алғашқы отырысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Этножаңғыру» стандарттау жөніндегі техникалық комитеттің 2021 жылға арналған стандарттарды әзірлеу бағдарламасы бойынша ұсыныстар енгізу туралы «Этножаңғыру» мүшелерінің онлайн отырысы өтті.
-
Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының бас санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы кезекті қаулысы шықты.
-
Учаскелік инспектор алғысқа бөленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласының тұрғынын тонамақ болған азамат оқиға орнында қолға түсті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Шөкеев: Сапа – ең басты талап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс Әкімі Өмірзақ Шөкеевтің тапсырмасына сәйкес, Түркістан қаласындағы көппәтерлі тұрғын үйлердің қасбеттері тұтастай ашық түсті мәрмәр тас пен травертинмен қапталуда.
-
Жол апатынан кейін оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 3 қарашада сағат 07:00 шамасында Семей қаласында «Ваз 21114» автокөлігінің 29 жастағы жүргізушісі Тәңірбергенов-Народная көшелерінің айналма жол айрығымен аспалы көпір бағытында жүріп, рөлге ие бола алмай қалып, металл тосқауыл қоршауына соғылған.
-
Сайлау-2021: Сайлау учаскелері дайын ба
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың қаңтарында өтетін Мәжіліс пен мәслихат депутаттарын сайлауға орай еліміздің 14 облысында және республикалық маңызы бар Алматы, Шымкент, Нұр-Сұлтан қалаларында 10 мыңнан астам, сонымен қатар әлемнің 51 мемлекетінде 66 сайлау учаскесі ашылатын болады.
-
Жамбыл облысында мониторингтік топтардың жұмысы күшейтіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен айда Жамбыл облысында коронавирустық инфекцияның 60 жағдайы тіркелген десек, ол алдыңғы аймен салыстырғанда аурушаңдық деңгейінің 1,4 есеге өскенін көрсетеді.
-
Шымкентте «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласы Полиция департаментінің қызметкерлерімен ағымдағы жылдың 20 қазанынан бастап 20 қарашасы аралығында қала аумағында «Қайыршы» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде.
-
Тұмауға қарсы екпе жұмыстары аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қарулы Күштерінде тұмауға қарсы екпе жұмыстары аяқталды. Ол жыл сайын күзгі-көктемгі кезеңде өткізіледі.
-
Шығыс Қазақстанда 32 бас жылқы ұрлаған ұры ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Семей қаласының ПБ-не шаруа қожалығының басшысы өтініш білдірген. Ол шаруа қожалығының шетіндегі еркін жайылымнан 15 бас жылқының жоғалғаны туралы хабарлады.
-
Шымкенттік полицейлер жоғалған балақайды анасымен қауыштырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Шымкент қаласының Полиция департаменті хабарлады.
-
Елордада IX Азаматтық форум өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қоғам және мемлекет: серіктестік пен дамудың 30 жылы «Birgemiz» атты IX Азаматтық форумы 2020 жылғы 23-27 қараша аралығында Азаматтық қоғам апталығы форматында өтеді.
-
«Бастау бизнес» бағдарламасының 1334 түлегі өз бизнесін іске қосты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов кәсіпкерлік субъектілерін қолдау шаралары туралы айтып берді.
-
Әлемдегі құбылмалы жағдай «үш зұлымдыққа» алып келеді - Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы видеоконференция форматында өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер басшылары Кеңесінің отырысына қатысты.
-
Полицейлер Өзбекстан азаматының еліне оралуына көмек көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері Өзбекстан Республикасы азаматының еліне оралуына көмек көрсетті.
-
8 облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 11 қарашада Қазақстанның 8 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.
-
Қарағандылық полиция көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандылық полицейлер екі жыл бұрын көлік басқару құқығынан айырылған мас жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қостанай облысында блок-бекеттер қойылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының шекарасында санитарлық бекеттер орнату туралы шешім қабылданды.Бұл туралы аймақ басшысы Архимед Мұхамбетов мәлімдеді.
-
Алматы оқушылары екінші тоқсанда қалай оқиды?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында оқушылар екінші тоқсанда қандай форматта оқитынын айтты.
-
Қызылорда облысында мал ұрлаумен айналысқан екі азамат сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында мал ұрлығымен айналысқан екі тұрғын сотталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
ШҚО-да карантин 25 қарашаға дейін ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің міндетін атқарушы Гүлайым Тагаева Шығыс Қазақстан облысының халқы арасында COVID-19 коронавирустық инфекциясымен сырқаттанушылықтың алдын алу жөніндегі шектеу шараларын ұзарту туралы қаулы қабылдады.
-
Нұр-Сұлтанда полицийлер өзіне-өзі қол жұмсамақ болған азаматты құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін елордада полиция қызметкерлері өзіне-өзі қол жұмсамақ болған азаматты құтқару операциясын ұйымдастырды, деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының полиция департаменті.
-
Тоқаев биоқауіпсіздік агенттігін құруға байланысты ШЫҰ қолдауынан үмітті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ елдерін биологиялық қауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру ісіне қолдау көрсетуге шақырды.
-
Түркістан облысының полицейлері көпбалалы аналарға көмек көрсетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қайырымдылық қасиеті бойларынан табыла білген облыс полицейлері сын сағаттарда аз қамтылған отбасыларға барынша материалдық көмек көрсетіп, қолдау танытуда.
-
ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының ТЖД қызметкерлері жанып жатқан үйден ер адамды құтқарды.
-
Шетелден келген 37 жолаушыдан коронавиурс анықталды – Бекшин
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшин онлайн брифинг барысында қаладағы ахауал жайлы баяндады.
-
Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруымыз керек – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ШЫҰ-ға мүше мемлекеттерді Ақпараттық қауіпсіздік орталығын құруға шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Алматыда 12 жоба жүзеге асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының Алмалы ауданында «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы қалай жүзеге асырылып жатқандығы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн-брифинг барысында аудан әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин айтып берді.
-
Айыппұлы 1 млн теңгеден асқан жүргізуші ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы қалада «Борышкер» жедел-алдын алу іс-шарасы өтіп жатқанын мәлімдеді.
-
Футболдан Қазақстан құрамасының капитанынан тыйым салынған препарат табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Футболдан Қазақстан құрамасының бірнеше ойыншысы алдағы матчтарға қатыса алмайды. Арасында команда капитаны Бауыржан Исламхан да бар.
-
Елорда ауруханаларында изотермиялық ПТР зертханалары орналастырылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда көпсалалы қалалық ауруханалардың қабылдау бөлмелерінде және стационарлардың акушерлік бөлімшелерінде КВИ бойынша науқастарды тестілеу үшін изотермиялық ПТР зертханалары орнатылды.
-
Әскери қызметшілер оқу полигондарын жаңа оқу жылына дайындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыс» өңірлік қолбасшылығында сапер жауынгерлер оқу-жаттығу полигондарын жарылмаған снарядтар мен әскери жарылғыш заттардан толық тазартуды жүзеге асыруда.
-
Таулы Қарабақ дауына нүкте қалай қойылды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Таулы Қарабақ үшін күрес Әзербайжан мен Армения арасында 27 қыркүйектен бастап, яғни 1 ай 14 күнге жалғасты. Күні кеше Армения, Әзербайжан және Ресей басшылары Таулы Қарабақтағы соғыстың аяқталғанын жариялады. Ереван Бакуге бірнеше ауданды, сондай-ақ мойындалмаған республиканың бір бөлігін беруге келісті. Қазір Ереванда осы шешімге қатысты наразылықтар мен тәртіпсіздіктер болып жатыр.
-
Алматыда Рүстем Қайдаровтың құрметіне ескерткіш тақта ашылды
Алматы, BAQ.KZ. Бүгін Алматыда ІІМ-нің құрметті ардагері, Қазақстан Республикасы «Генералдар Кеңесі» РҚБ Президиумының төрағасы Рүстем Қайдаровтың құрметіне мемориалды тақтаның ашылу рәсімі өтті.
-
Бас мүфти: «Ел үлесі – пәтерде» акциясы аясында 314 баспана берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлын қабылдады, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Пашинян Қарабақ жөніндегі келісімге неліктен барғанын түсіндірді
Алматы, BAQ.KZ. Армения Премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақ бойынша басқа амалы қалмағандықтан Ресей және Әзербайжанмен келісімге келгенін мәлімдеді.
-
ҚАЖ мекемелерінде ұзақмерзімді кездесулер тоқтатылды⠀
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10 қарашадан бастап Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті мекемелерде ұзақмерзімді кездесулерге қабылдауды тоқтатқанын хабарлады.
-
Медеу мен Шымбұлақ жақында ашылады
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында карантинге жабылған Шымбұлақ пен Медеу сынақ ретінде ашылатыны жазылған.
-
ХҚКО жұмысын бағалау жүйесі іске қосылды
Алматы, BAQ.KZ. «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы QR кодын пайдалана отырып, халыққа қызмет көрсету орталықтары жұмысының сапасын бағалау жүйесін іске қосты.
-
Жыл басынан бері 26 мыңнан астам жұмыскердің құқығы қорғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы жылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша мемлекеттік еңбек инспекторлары республиканың 983 кәсіпорнында 27,7 мың жұмыскер алдында 3,5 млрд теңге жалақы бойынша берешек бар екенін анықтады.
-
Алматыда курьердің велосипедін ұрлағандар ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы азық-түлік таситын курьердің велосипедін ұрлаған адам ұсталғанын хабарлады.
-
Келесі жылдан бастап университеттер дипломды өз үлгісімен бере бастайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жоғары оқу орындарының академиялық еркіндігі 85 пайызға кеңейтілді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.
-
Алматыда мыңнан аса мас жүргізуші ұсталған
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда 1 200-ден астам жүргізуші мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін ұсталды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Оқытушылардың жалақысы қанша теңгеге өсті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 1 қыркүйектен бастап мемлекеттік жоғары оқу орындары оқытушыларының айлығы 160 мың теңгеден 210 мың теңгеге, ұлттық университет оқытушыларының айлығы 280 мың теңгеге дейін көтерілді. Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Мирас Дәуленов айтты.
-
COVID-19. Қазақстан Pfizer вакцинасын сатып ала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. АҚШ-та вакцинаны тіркеуге өтініш қараша айында беріледі деп жоспарлануда.
-
Павлодарда қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда «Қазақстан әйелдері қауымдастығы» ҚБ ұйымдастыруымен «Біздің жетістіктеріміз» тақырыбында балалардың қолөнер жәрмеңкесі өтті.
-
Алматы кәсіпкерлері бизнесті қорғау бойынша 207 өтініш жазған
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Алматыда қарапайым заттар экономикасы аясында 15 жоба мақұлданды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында айтты.
-
Ұлттық экономика вице-министрі тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Үкіметінің қаулысымен Мейіржан Бақытұлы Юсупов Қазақстан Республикасының ұлттық экономика вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Алматыдағы бөлшек сауда айналымы 2,4 трлн теңгені құрады
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Айтуар Қошмамбетов онлайн брифинг барысында Алматы экономикасының статистикалық мәліметтеріне тоқталды.
-
Пойызға жолсерік тексеруінсіз кіру мүмкіндігі қарастырылуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жыл соңында «Қазақстан темір жолы» пойызға жолсерік тексеруінсіз кіруге негізделген цифрлық жобаны сынақтан өткізбек.
-
Қазақстанда дәрі-дәрмек қоры жеткілікті ме?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма төрағасы Ерхат Есқалиев айтты.
-
Электронды билетке көшу арқылы 1,5 млрд теңге үнемделген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет агенттігінде өткен онлайн брифингте «Адал жол» жобалық кеңесінің жетекшісі Исламбек Майшекин айтты.
-
«Үркер-2020» Ұлттық сыйлығының үміткерлері анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Үркер-2020» сыйлығын марапаттау рәсімі қарсаңында қазылар алқасы баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы номинанттар есімін жариялады.
-
Мониторингтік топтар 1640-тан астам дәріханаға тексеріс жүргізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты.
-
Адам өліміне әкеп соқтырған жол апатында екі жүргізуші де сотталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда екі адамның өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасына себепші болған көлік жүргізушілері 5 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда компьютер клубтары жұмыс істеп келген
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы аудан әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин онлайн брифинг барысында айтты.
-
Дәріханаларда дәрілік заттардың жеткілікті қоры бар
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен онлайн брифинг барысында ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитеті төрағасының орынбасары Нұрлыбек Асылбеков айтты.
-
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.
-
Алматыда «Достық Плаза» сауда орталығы өртенді
Алматы, BAQ.KZ. 10 қараша күні таңертең Алматыдағы «Достық Плаза» сауда орталығында өрт болды.
-
Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері, профессор, Қостанай облысы Қарабалық ауданының құрметті азаматы Еркебұлан Мүсіреп 75 жасқа қараған шағында өмірден озды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Биыл 13 млн тонна мұнай өңделді - Ноғаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы энергетика министрі Нұрлан Ноғаев онлайн өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Атамқұловтың статистикасы: 10 айда 95 мың адам үйлі болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында 10 айдың есебі берілді. Жыл басынан елімізде барлығы 94 мың 737 отбасы баспаналы болған.
-
Мамин бюджеттің атқарылуына қатысты бірқатар тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Үкімет басшысы Асқар Мамин онлайн өткен Үкімет отырысында айтты.
-
Жергілікті бюджетті игере алмаған өңірлер белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты.
-
Павлодар облысында 16 елді мекен таза ауыз сумен қамтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің «Қазсушар» РММ бастамасымен Павлодар облысының Май ауданында жергілікті топтық су құбырын реконструкциялау жобасы жүзеге асты.
-
Досаев теңгенің әлсіреуі мен нығаюы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Онлайн өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев теңгенің әлсіреуі мен нығаюы туралы айтты.
-
АҚШ-тағы сайлау мен Еуропадағы локдаундар Қазақстанға қалай әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн өткен Үкімет отырысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтты.
-
Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды – Дәленов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды, деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында.
-
Қазақстан экономикасында қандай өзгеріс болды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында айтты
-
Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы тағы да мәлімдеме жасалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей Президенті Владимир Путин Таулы Қарабақта атысты тоқтату туралы келісім жасалғаны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ТАСС агенттігі.
-
Жамбыл облысында 10 айда жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 10 айда кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.
-
Өткен тәулікте 326 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 326 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 564 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 564 адамда коронавирус індеті ПТР тестілеу арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Қазақстандық ауыр атлеттер Перудегі онлайн әлем кубогіне қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 12-18 қараша күндері Перуде ауыр атлетикадан жастар арасындағы онлайн әлем кубогі өтеді, деп хабарлады Olympic.kz.
-
«Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы» жылының жабылу салтанаты 21-22 қарашада өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Шымкент – ТМД-ның мәдени астанасы жылы аталып өтілді. Пандемияға байланысты көптеген іс-шаралар онлайн режимде өтті. 21-22 қарашада эстафета Душанбеге беріледі екен. Бұл жөнінде қала әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан хабарлады.
-
Түрік инвесторлары қазақстандық жобаларға $160 млн салуға дайын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар жоба бойынша ынтымақтастық туралы алдын ала уағдаластықтарға қазақстандық делегацияның Ыстамбұлға сапары шеңберінде Түркияның іскер топтар өкілдерімен келіссөздер барысында қол жеткізілді. Бұл туралы invest.gov.kz жазды.
-
Шымкентте қаулы ережелерін елемеген түнгі клуб анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте карантин кезінде жұмысын тоқтатпаған түнгі клуб анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жаһандық жылыну Амазония ормандарындағы ағаштардың шіруін тездетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаһандық жылыну Амазония ормандарындағы ағаштардың ұзақ жасамауына себеп боп отыр. Салдарынан «жердің өкпесі» саналатын ағаштардың атмосферадағы көмірқышқыл газын қайта өндіруі нашарлайды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Әзербайжан Ресейдің әскери тікұшағын атқанын мойындады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Ми-24 тікұшағын Әзербайжанмен шекаралас Арменияның территориясында зениттік-зымырандық портативті жүйеден атып түсірілді. Бұл туралы Ресей қорғаныс министрлігінің мәліметі бойынша ТАСС жазды.
-
Аймағамбетов «Болашақ» бағдарламасының 27 жылдығымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Болашақ» халықаралық бағдарламасына 27 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы министр facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Павлодарда пәтерден үш бала мен анасының денесі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аталған фактіге қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 99-бабы, 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, деп хабарлайды облыстық ПД баспасөз қызметі.
Наверх