Жергілікті бюджетті игере алмаған өңірлер белгілі болды

10 Қараша 2020, 10:16
1458
Бөлісу:
Жергілікті бюджетті игере алмаған өңірлер белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы онлайн өткен Үкімет отырысында Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев айтты. 

Мемлекеттік бюджетке 6,8 трлн теңге кіріс түсті. Жоспар 94,7 пайызға атқарылды. Республикалық бюджетке 4 трлн 264 млрд теңге түсті. Кірістер бойынша жоспардың атқарылмауы 667 млрд теңгені құрады. Атап айтсақ, салықтар 820 млрд теңгеге атқарылмады. Салықтық емес түсімдер 154 млрд теңгеге артығымен орындалды, - деді ол. 

Жамаубаев корпоративтік салықтар жоспары қандай себеппен атқарылмағанын айтты. 

Негізгі экспорттық позициялар бойынша бағаның орта есеппен 12,5 пайызға құлдырауы. Биыл әрекетсіз салық төлеушілер саны 8 мыңға көбейді. Кәсіпорындардан күтілетін кірістердің түспеуі, атап айтқанда 10 айда республикалық бюджетке корпоративтік табыс салығын төлеушілердің жартысы өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда аванстық төлемдерді азайтып отыр, - деді ол. 

Министр атап өткендей, екінші деңгейлі  банктерден түсетін түсімдер 11,8 млрд теңгеге азайды.

Жергілікті бюджеттердің шығыстары 6,4 трлн теңгені құрап отыр. Атқарылмағаны - 128 млрд теңге. Биыл өңірлерге 2,3 трлн теңге нысанылы трансферт көзделген болатын. Алдын ала мәліметтер бойынша 1 қарашаға 1,7 трлн теңге бөлінді. Олардың 98,2 пайызы игерілген. Атқарылмағаны 31 млрд теңге, оның ішінде 7 млрд теңге  үнемделді. 24 млрд теңге игерілмеді. Ең көп игерілмеген өңірлер: Ақтөбе облысы, Түркістан облысы, БҚО, СҚО және Алматы қаласы, - деді Жамаубаев.
Өзгелердің жаңалығы