Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов «Болашақ» халықаралық бағдарламасына 27 жыл толуымен құттықтады. Бұл туралы министр facebook-тегі парақшасында жазды.
Айтулы күнге орай министр бағдарлама түлектерімен және стипендиаттарымен кездесу өткізіп, бірқатар мәселені талқылаған.1993 жылы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев дарынды жастарды шетелде оқыту үшін халықаралық стипендия тағайындау туралы тарихи шешім қабылдады.Сонымен қатар, министр «Болашақ» бағдарламасының жаңа талап, ережелерін атап өтті.
Сол уақыттан бері 14 мыңға жуық ел азаматы бағдарламаның стипендиаты атанды. Олардың 11 мыңы әлемнің үздік жоғары оқу орындарында білім алып, бүгінде еліміздің дамуына үлес қосып жатыр.
Әр жылдары стипендия әлемдік экономикадағы жаңа сын-тегеуріндерге, еңбек нарығына және жаһандық білім беру кеңістігіндегі трендтерге сай түрлі өзгерістерге ұшырады. Бұл үрдіс әлі де жалғасын тауып жатыр, - деді Асхат Аймағамбетов.
Асхат Аймағамбетов халықаралық бағдарламаның тиімділігіне талдау жасайтын Орталық жұмысында да бірқатар өзгерістер болғанын жазды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Болашақ» бағдарламасының дамуына ерекше көңіл бөліп келеді. Президент тапсырмасына сәйкес өткен жылдың соңында бағдарламаны тиімді іске асырудың барлық бағыттарына қатысты өзгерістер енгізілді.
Мәселен, ұсынылатын университеттердің тізіміне және оқу орындарына қойылатын талаптар қайта қарастырылды, дипломдағы орташа балл, яғни GPA-ны есептеу жойылды, себебі қазір барлық үміткерде шетелдік университеттен шақырту болуы керек.
Бұдан былай жекелеген санаттар бойынша квоталар болмайды, бұл үміткерлердің стипендияға теңдей қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін маңызды.
Енді тек ауылдық жерлердегі үміткерлер тілдік курстардан өтетін болады. Осы шешімнің арқасында «Болашақ» бағдарламасына жұмсалатын шығындар жыл сайын 1,3 млрд теңгеге үнемделеді. Қазір, қаласаңыз, ағылшын тілін ел аумағында да үйренуге болады.
Конкурстық іріктеу кезеңдері қысқартылды. Тәуелсіз сараптама комиссиясының құрамына қойылатын талаптар күшейді. Бұдан былай үміткерлерді іріктеудің барлық процесі және комиссияның барлық отырысы бейнеге жазылатын болады. Сондай-ақ, «электрондық үкімет» веб-порталындағы жеке кабинет арқылы үміткерлердің құжаттарын қабылдау процесі толықтай автоматтандырылды. Ал тестілеу енді Президенттік жастар кадрлық резервіне қабылдау тәжірибесі бойынша жүргізіледі, - деп атап өтті.
«Болашақ» халықаралық бағдарламасының тиімділігіне талдау жасау ерекше назарды талап етеді. Біз Орталықтың жұмысын қайта қарастырдық. Бір жағынан штат санын қысқартып, оның жұмысындағы ашықтықты қамтамасыз еттік, шетелде орналасқан бірнеше өкілдікті жаптық. Екінші жағынан, Орталыққа жаңа функцияларды жүктедік. Мысалы, жыл сайын 500 ғылыми қызметкердің тағылымдамадан өтуін ұйымдастыру, үкіметаралық гранттарды берудің ашықтығын қамтамасыз етіп ұйымдастыру, «Қандастар» санаты бойынша гранттар беру бағдарламасын әкімшілендіру және жоғары оқу орындарына өз бетінше түсіп, шетелде білім алып жатқан азаматтарымыз үшін консультациялық қолдау көрсету мәселелері енді осы Орталыққа міндеттеледі.Министр әлеуметтік желідегі жазбасының соңында бүгінде мемлекеттің табысты болуы үшін адам капиталы мен маман даярлау ісі үлкен рөл атқарады деді. Бұл жолда «Болашақтың» да қосқан үлесі зор екендігін баса айтты.
Басқа да өзгерістер жетерлік.
Олардың барлығы түлектер Қауымдастығымен, стипендиаттармен және басқа да мүдделі тараптармен алдын ала талқыланды. Бастысы, бұл оң өзгерістердің барлығы Орталық атқаратын жұмыстың тиімділігін арттыруға бағытталған, - деді.
Жалпы «Болашақ» халықаралық стипендиясы қай жағынан қараса да инвестицияны тиімді жасаудың үлгісіне айналды. Бұл – еліміз үшін өте маңызды жоба.
«Болашақ» бағдарламасы арқылы біліктілігі жоғары хирургтарға, инженерлерге, педагогтерге, IT-мамандарына, ғалымдарға және тағы басқа сала бойынша жемісті еңбек етіп жатқан мықты мамандарға қол жеткіздік. Бүгінгідей құбылмалы әлемде мемлекеттің табысты дамуы үшін адам капиталы мен мамандарды даярлау ісі үлкен рөл атқарады.
Тағы да мереке құтты болсын, достар! - деп жазбасын аяқтаған министр.