Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге инвестиция тартылды, деді Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов онлайн өткен Үкімет отырысында.
Оқи отырыңыз:
Негізгі капиталға 9,4 трлн теңге сомасында инвестиция тартылды.13 өңір өсу көрсетті. Оның ішінде ең жоғары көрсеткіштер Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалып отыр. 4 өңірде төмендеу тіркелді. Олар: Батыс Қазақстан, Атырау, Қызылорда және Қарағанды облыстары, - деді ол.
Дәленов атап өткендей, құрылыс секторы серпінді өсуді көрсетіп отыр. Орындалған жұмыстардың көлемі 10,7%-ға өскен.
Белсенді құрылыс жұмыстары Түркістан облысында және Шымкент қаласында байқалады. 10,7 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 9,7%-ға көп, - деді министр.