Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

10 Қараша 2020, 11:00
1323
Бөлісу:
Қазақстан мен Ресей СІМ басшылары телефон арқылы сөйлесті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей тарапының бастамасы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен телефон арқылы сөйлесті.

Келіссөздер барысында биыл өтетін екіжақты және көпжақты іс-шаралардың күн тәртібі бойынша жан-жақты пікір алмасылды. М. Тілеуберді әріптесін БҰҰ, ТМД, ШЫҰ, ҰҚШҰ және басқа да халықаралық бірлестіктер қызметінің өзекті бағыттары бойынша Қазақстан Республикасының ұстанымы туралы хабардар етті.

Тараптар алдағы аса жоғары және жоғары деңгейдегі кездесулерге дайындыққа ерекше назар аударды.

Диалог дәстүрлі түрде сындарлы және сенімді түрде өтті.


Өзгелердің жаңалығы