Учаскелік инспектор алғысқа бөленді

10 Қараша 2020, 21:16
1475
Бөлісу:
Учаскелік инспектор  алғысқа бөленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысының Алтай қаласының тұрғынын тонамақ болған азамат оқиға орнында қолға түсті. Бұл туралы Шығыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Қоғамдық тәртіпті қадағалау барысында жергілікті полиция бөлімшесінің учаскелік инспекторы капитан Е. Асанов әйел адамның көмекке шақырған дауысын естиді. Дауыс шыққан жаққа жүгірген учаскелік инспектор үй ауласында әйелдің орта жастағы екінші әйелге тап беріп, қолындағы әмиянын тартып алуға ниеттеніп жатқанын көреді. Тәртіп сақшысы оқиға орнынан жарысырынуға әрекет еткен 49 жастағы күдіктіні қолға түсіреді. Күдікті тергеуге алынып, ұрланған әмиян иесіне қайтарылды. Кейін анықталғандай әйел қылмысқа спирттік ішімдікке ақшасы болмағандықтан барған екен.  

Артынша жәбірленуішінің ұлы Руслан Балтабаев Алтай қаласындағы полиция бөлімшесіне анасын құтқарған учаскелік инспекторға алғыс білдіруге келді.

Өзгелердің жаңалығы