Атамқұловтың статистикасы: 10 айда 95 мың адам үйлі болған

10 Қараша 2020, 10:25
2126
Бөлісу:
Атамқұловтың статистикасы: 10 айда 95 мың адам үйлі болған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Үкімет отырысында 10 айдың есебі берілді. Жыл басынан елімізде барлығы 94 мың 737 отбасы баспаналы болған.

Құрылыс саласында нақты көлем индексі 2020 жылдың 10 айында 110,7 пайызды құрады. 15 өңірде оң динамика байқалады. Мысал ретінде айтқанда Қызылорда облысында магистральдық газ құбырын, электрмен және сумен жабдықтау жүйелерін салу жұмыстары аяқталды. Батыс Қазақстан облысында «Каспий құбыр консорциумы» КҚК магистральдық газ құбырын салу бойынша негізгі жұмыстар шегіне жетті. Тұрғын үй құрылысы саласында биылғы 10 айдың қорытындысы бойынша 10 млн 744 мың шаршы метр баспана салынды. Республика бойынша барлығы 94 мың 737 баспана пайдалануға берілді (оның ішінде 34 535 жеке тұрғын үй). 15 өңірде бұл салада көрсеткіш артты, - деді Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов.

Ал көлік саласында нақты көлем индексі 10 айда 82,7 пайызды құраған. 

Пандемияның көлік саласына теріс әсеріне қарамастан, жекелеген бағыттарда өсім бар. Атап айтқанда, контейнерлердің транзит тасымалы өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 35,4 пайызға артып, 718,6 мың жиырма фунттық баламаны құрады. 2019 жылдың қаңтар-қазан айларында бұл көрсеткіш 530,8 мың жиырма фунттық балама еді. Көліктің барлық түрімен жүк тасымалдау көлемі 3,2 млрд тоннаны немесе өткен жылмен салыстырғанда 92,9 пайызды құрап отыр, - деді министр.

Өзгелердің жаңалығы