Медеу мен Шымбұлақ жақында ашылады

10 Қараша 2020, 14:36
4054
Бөлісу:
Медеу мен Шымбұлақ жақында ашылады

Алматы, BAQ.KZ.  Алматы қаласының бас мемлекеттік санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында карантинге жабылған Шымбұлақ пен Медеу сынақ ретінде ашылатыны жазылған.

Туризм нысандарының тестілік режимдегі қызметіне рұқсат беру -  2020 жылдың 19 және 30 қарашасы аралығында «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығы және 2020 жылдың 16 және 30 қарашасы аралығында Шымбұлақ тау-шаңғы курорты. Медеу мұз айдынына жіберілетін адам саны 500-ден аспауы тиіс. Шымбұлаққа келушілер бұрынғы қабылданатын туристер санының 30% -ынан аспауы керек, - делінген қаулыда.
Сондай-ақ «Шымбұлақ» тау-шаңғы курорты мен «Медеу» спорттық-сауықтыру орталығының тамақтану объектілеріне рұқсат, онда да ашық аспан астында 50 орыннан аспайтын, үстелдер арасындағы қашықтық кемінде 2 метрді қамтуы керек. Бастысы, ол арада ұжымдық іс-шаралар өткізуге қатаң тыйым салынады делінген қаулы талаптарында.
Өзгелердің жаңалығы