ШҚО-да 67 млн теңгеге салынған су сору станциясы істемей тұр

10 Қараша 2020, 23:14
1655
Бөлісу:
ШҚО-да 67 млн теңгеге салынған су сору станциясы істемей тұр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонайха ауданы Первомай кентінде 67 миллион теңгеге салынған су сору станциясы істемей тұр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Агрегат іске қосылса, сумен жабдықтауда біршама үнем болар еді дейді мамандар. Өйткені бұл суды сүзгілеу, тазалауға кететін шығынды үнемдеуге сеп болмақ. Алайда дәл қазір құрылысты жалғастыру мүмкін емес. Өйткені алдымен мердігер компанияға байланысты сот шешімі шығу керек.

Мұндай жағдай болмағанда нысанды аяқтауға қайтадан бюджет қаражатын бөлу экономикалық қылмысқа әкеп соғуы мүмкін.

Сондықтан даулы іске нүкте қойылмайынша, ауыз су шаруашылығына қажетті қондырғыны қолдануға болмайды.

Бұл сот шешімі аяғына дейін жетпей отыр, біріншіден өйткені мердігер компания тарапынан келетін шығынды өтеуді талап етіп отырмыз, ол талап толығымен өтелмей, біз жұмысты аяқтай алмаймыз, - дейді Шемонайха ауданы әкімінің орынбасары Бақытжан Молдаханов.

Өзгелердің жаңалығы