Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

10 Қараша 2020, 21:35
1888
Бөлісу:
Ақмола облысында карантин шаралары күшейтілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысының бас санитариялық дәрігерінің облыс аумағында карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы кезекті қаулысы шықты.

Жаңа Қаулы қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайға байланысты ұзарту және жеңілдету ықтималдығымен 2020 жылғы 13 қараша күні сағат 00:00-ден бастап: 

• жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану және кәдеге жарату алгоритмін және кемінде 2 метр әлеуметтік қашықтықты сақтау қамтамасыз етіледі; 

• КВИ алдын алу және тарату жөніндегі іс-шараларға тартылған ұйымдарды және тіршілікті қамтамасыз ететін кәсіпорындарды қоспағанда, Көкшетау қаласы, Красный Яр ауылы, Чайкино кенті, Станционный кенті аумағы бойынша сағат 21:00-ден сағат 06:00-ге дейін тұрғындардың жаяу және атокөлікпен жүріп–тұруына тыйым салынады. 

Ақмола облысының басқа өңірлеріндегі елді мекендер бойынша сағат 23:00-ден сағат 06:00-ге дейін тұрғындардың жаяу және автокөлікпен жүріп-тұруы шектеледі; 

• отбасылық, естелік іс-шараларды (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға) және көпшілік жиналатын өзге де іс-шараларды, оның ішінде үйде өткізуге тыйым салынады;

• облыс тұрғындарының қоғамдық тамақтану нысандарында (отбасылық, естелік іс-шаралар (банкет, үйлену той, мерейтой, дұға), сондай-ақ үйде ұйымдастырылған көпшілік жиналатын іс-шараларға баруына тыйым салынады; 

• шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге баруды қоспағанда, 65 жастан асқан адамдарға аса қажетті себептерсіз үйлерінен шықпауға кеңес беріледі. 

• әлеуметтік қашықтықты және жеке қорғаныш құралдарын (бір рет және бірнеше рет қолданылатын бетперделерді) қолдану мен кәдеге жаратуды сақтай отырып, ойын-сауық орындарынан басқа саябақтарға, алаңдарға, скверлерге және өзге де демалыс орындарына топта 3 адамнан артық емес немесе бір отбасы мүшелеріне баруға рұқсат беріледі; 

• жерлеу іс-шараларын жүргізу кезінде кемінде 2 метр қашықтықты сақтай отырып, (отбасы мүшелері) 30 адамнан артық жиналуға жол берілмейді. 

• Көкшетау қаласының карантин аймағына Ақмола облысында тұрмайтын адамдардың ПТР әдісімен COVID-19-ға тестілеудің теріс нәтижесі бар, оны алған сәттен бастап 3 тәуліктен аспаған анықтамасыз кіруіне тыйым салынады; • Көкшетау қаласының карантиндік аймағының периметрі уақытша орнатылады, санитарлық бекеттерді орната отырып, қалаға кіру және шығу пункттерін белгілеу қамтамасыз етіледі;

Қаулының толық нұсқасын мына сілтеме бойынша оқи аласыздар.




Өзгелердің жаңалығы