Жамбыл облысында 10 айда жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген

10 Қараша 2020, 08:45
1163
Бөлісу:
Жамбыл облысында 10 айда жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысында 10 айда кәмелетке толмаған жасөспірімдерге қатысты 138 қылмыстық іс тіркелген. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтылды.

Өңірде жыл басынан бері оқушы зорлығына қатысты - 8, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылықтың - 5, 16 жасқа толмағандармен жыныстық қатынасқа түсудің 17 дерегі және тағы да басқа қылмыстар анықталған.

Брифингте Жамбыл облысы аумағында 9 қарашада басталған «Зорлық-зомбылықсыз және қатігездіксіз балалық шақ» республикалық ақпарат науқанының жай-жапсары айтылды. Облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Талғат Жамалов Балалар құқығын қорғау комитетінің ұйымдастыруымен өтетін науқан 20 қарашаға дейін созылатынын жеткізді. Шара балаларға қатысты қатігездік қарым-қатынасқа қоғам назарын бұру, балалар өміріне бейжай қарамау мақсатына негізделген.

Ақпараттық жұмыс аясында аймақта 15-ке жуық түрлі іс-шара өтпек. Оның қатарында түнгі рейдтен бастап онлайн-семинар мен эссе жазу, фотоконкурс секілді шаралар ұйымдастырылады.

Биыл кәмелетке толмағандарға жасалатын қылмыстың алдын алу мақсатында прокуратура, білім және денсаулық сақтау органдары 2 мыңға жуық бірлескен рейд жүргізді. Оның 1400-і мектеп маңында өтті. Нәтижесінде 5400-ден астам әкімшілік құқық бұзу фактісі анықталды. Оның 3 мыңға жуығы кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта тыста жүруіне қатысты болып отыр, - деді Талғат Жамалов.

Өзгелердің жаңалығы