Алматыда компьютер клубтары жұмыс істеп келген

10 Қараша 2020, 11:20
1552
Бөлісу:
Алматыда компьютер клубтары жұмыс істеп келген

Алматы, BAQ.KZ тілшісі.  Бұл туралы Алматы қаласы Алмалы аудан әкімінің орынбасары Ерден Хайруллин онлайн брифинг барысында айтты.

Оның айтуынша, аудандағы сауда нысандарындағы санитарлық талаптарды тексеру бойынша құрылған мониторингті топтар күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

Қазан айының 8-і мен қарашаның 9-ы аралығында Алмалы ауданында 675 нысан тексерілген. Нәтижесінде 189 жеке тұлға №425 баппен жауапқа тартылды. Тағы 45 нысанға әкімшілік айыппұл салынды. Бүгінгі таңда 8 нысан 2,5 млн теңге төлеген, - дейді ол. 

Сонымен қатар ол осы демалыс күндері, яғни қарашаның 7-8-і күндері ауданда 13 мобильді топ құрылып, жұмыс істегенін жеткізді.

Олар 58 нысанда тексеріс жүргізіп, оның 10-да заң бұзушылық болғаны анықтады. Оның ішінде кейбір нысандар мүлдем жұмыс істемеуі керек болған. Мәселен, компьютер клубы, «Бинго» лото клубы бар, оған қоса жұмысына шектеу қойылған «Пират» дәмханасы заңсыз жұмыс істеп келген. Мобильді топтар күндіз және түнгі кезекпен жұмыс істеп жатыр, - дейді Ерден Хайруллин.

Өзгелердің жаңалығы